Евразия24ЖаңалықтарIndiGo әуе компаниясы 17 қазанға дейін Эр-Рияд, Жидда және Мединаға ұшатын рейстерін...

IndiGo әуе компаниясы 17 қазанға дейін Эр-Рияд, Жидда және Мединаға ұшатын рейстерін тоқтатты

|

|

Дели. 13 қазан. ИНТЕРФАКС – Үндістанның IndiGo жеке бюджеттік әуе компаниясы өңірдегі ахуалдың шиеленісуіне байланысты 17 қазанға дейін Эр-Рияд, Жидда, Медина және Даммам қалаларына рейс орындамау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Hindustan Times басылымы хабарлады.

«Жолаушыларымыздың қауіпсіздігі мен амандығы біз үшін әрдайым бірінші орында. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті органдармен тұрақты байланыс орнатып отырмыз», – делінген компанияның клиенттерге арналған хабарламасында.

Hindustan Times мәліметінше, хуситтер Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға бірнеше рет шабуыл жасағаннан кейін Сауд Арабиясының азаматтық авиация басқармасы әуежай жұмысын сенбіге дейін тоқтатқан.

Бір күн бұрын хуситтер аталған әуежайға баллистикалық зымыранмен тағы да соққы жасағанын мәлімдеді. Бұған дейін Сауд Арабиясының билігі ел астанасына қарай ұшырылған осындай зымыранның жойылғанын хабарлаған еді.

Өңірдегі жағдайға байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінің Etihad Airways әуе компаниясы Эр-Рияд, Даммам және Жиддаға қатынайтын рейстерін тоқтатты. Ал Катардың Qatar Airways компаниясы Эр-Рияд пен Даммамға ұшуды уақытша доғарды. Дүйсенбі күні Бахрейннің ұлттық әуе тасымалдаушысы Gulf Air де Эр-Риядқа рейстерін тоқтататынын мәлімдеді.

Батыс бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Lufthansa Group, Air India және Air France секілді ірі әуе компаниялары да Сауд Арабиясының астанасына ұшатын рейстерін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі Будапешт конвенциясын ратификациялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Квебектегі сайлауда жеңіске жеткен сепаратистер провинцияның дербестігін барынша кеңейтуге ұмтылады – РҒА сарапшысы

Канаданың Квебек провинциясында өткен сайлауда жеңіске жеткен Квебек партиясы елден тәуелсіздік алу идеясынан бас тартпайды. Алайда іс жүзінде Канададан бөлініп шығу үдерісін жеделдетуге асықпайды.

АҚШ Украинаға барлау деректерін беруді тоқтатамыз деп қоқан-лоқы жасамаған, алайда Трамп Киев билігіне қатты наразы болған

Өткен жұмада Майамиде өткен келіссөздерде АҚШ өкілдері Украинаға барлау мәліметтерін беруді тоқтататынын ескертпеген.

АҚШ пен Еуропаның Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі ұсынысында Ресей, Украина және Еуропа арасындағы энергетикалық келісім қарастырылған

АҚШ пен Еуропа Украинадағы қақтығысты реттеу жоспарын әзірлеп жатыр. Онда Ресей, Украина және Еуропа арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты жолға қою, сондай-ақ тараптардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді шешу қарастырылған. Бұл туралы The Washington Post (WP) басылымы дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.