Евразия24Басты бетХалықаралық «Еуразия» сыйлығы: «Еуразия24» «Еуразия дауысы» аталымында екінші орынға ие болды

Халықаралық «Еуразия» сыйлығы: «Еуразия24» «Еуразия дауысы» аталымында екінші орынға ие болды

|

|

Бұл – «Еуразия24» редакциясы мен оқырман-тыңдармандарымыздың ортақ еңбегінің нәтижесі, бәріміз үшін аса маңызды жетістік. Осы марапат шамамен екі жыл бұрын жұмысын бастаған ақпараттық-сараптамалық жобамыздың өз орнын тапқанын айғақтайды. Сонымен бірге бұл – алдағы уақытта да үлкен жауапкершілік жүктейтін зор сенім.

 

ТАСС ақпарат агенттігінің бас директоры Андрей Кондрашов пен «Еуразия24» бас редакторы Лилия Игликова «Еуразия» халықаралық сыйлығын табыстау рәсімінде.

Лилия Игликова Мәскеуден оралған соң, осы оқиға туралы кең көлемді репортаж жариялаймыз. Ал әзірге марапаттау рәсімінің қалай өткеніне тоқталайық.

«Алдымызда ауқымды жоспарлар бар. Оларды біртіндеп, кезең-кезеңімен жүзеге асырамыз деп ойлаймын», – деді «Еуразия24» бас редакторы Лилия Игликова Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында.

«Қазір басылыммен 10-нан астам елдің сарапшылары ынтымақтасады. Олар оқырмандарға геосаяси мәселелерді тереңірек түсінуге, әлемде болып жатқан үдерістердің мәнін ұғынуға көмектеседі. Игликова халықаралық алаңдар жаңа серіктестер табуға және бірлескен медиажобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін де атап өтті».

 

Байқау финалисінің сөзі

Құрметті қазылар алқасының мүшелері, қадірлі қауым!

Менің есімім – Лилия Игликова. Қазақстандық «Еуразия24» медиаресурсының бас редакторымын. Бұл – өз елінің және әлемнің болашағына бейжай қарамайтын, көкейіндегі сауалдарын ашық қоюдан қорықпайтын жандарға арналған ақпараттық-сараптамалық алаң.

Жобамыздың құрылғанына әлі екі жыл да толған жоқ. Алайда оны жүзеге асыруға менің осы уақытқа дейінгі өмірлік тәжірибем мен кәсіби жолым негіз болды.

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдадым. Кейін тағдырдың жазуымен Сирияда тұрдым. Сириядағы соғыстың алғашқы екі жылын қақтығыс ең қатты өршіген аймақтардың бірінде өткіздім. Тұтас қалалардың қирап, үйіндіге айналғанын өз көзіммен көрдім.

Қазақстанға оралғанымда, мен кеткен кездегі елдің көп өзгергенін байқадым. Ақпарат кеңістігі түрлі көзқарастар мен ұстанымдар тартысатын алаңға айналыпты. Бір жағынан, тарихтағы өкпе-реніштерді қайта қозғау белең алса, екінші жағынан, ел дамуының еуразиялық бағытын жоққа шығару үрдісі күшейген. Мұның бәрі Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымы нақты айқындалғанына қарамастан орын алып отыр.

Қазақстан Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан. Соған қарамастан, еліміз үшін еуразиялық интеграцияның қаншалықты маңызды екенін және оған балама жоқ екенін әлі күнге дейін түсіндіруге тура келеді.

«Еуразия24» жобасы Қазақстан мен Еуразияның тағы 10-нан астам еліндегі сарапшылардың басын қосты. Біз талқылайтын мәселелердің аясы да, сарапшыларымыз қамтитын елдердің қатары да күн санап кеңейіп келеді.

Біз ақпарат кеңістігіндегі текетіресті емес, ашық әңгіме мен еркін пікірталасты қолдаймыз. Еуразия елдерінің ортақ ақпарат кеңістігін қалыптастыруды көздейміз. Ұлы Еуразиядағы әр елдің өз шеңберінде қалып қойған ақпараттық ортасы бір-бірімен тығыз байланысып, өзара пікір алмасуға жол ашуы керек.

«Еуразия24» жобасының аз уақыт ішінде қарқынды дамуы Еуразия елдерінің өзара тиімді ынтымақтастығы, ықпалдастығы мен тату көршілігіне негізделген идеялардың өміршең екенін көрсетті. Небәрі 20 айдың ішінде YouTube арнамызға 300 мыңға жуық адам жазылды. Бұл – біз үшін үлкен жетістік. Алайда мұнымен шектелмейміз.

Алдағы уақытта «Еуразия24» XXI ғасырдағы Еуразиялық әралуандылық пен көпполярлылық хартиясын әзірлеу бастамасына айрықша назар аударады. Бұл бастаманың мәні – Еуразия құрлығында ешбір елдің қауіпсіздігін өзгелердің есебінен қамтамасыз етуге жол бермейтін, өзара сенім мен ынтымақтастыққа негізделген жаңа қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру.

Ақпараттық қауіпсіздік те ортақ жауапкершілікке негізделуі тиіс. Меніңше, мұндай жүйенің негізі қазірдің өзінде қаланып жатыр. Оған біздің жобамыз да өз үлесін қосуда.

Біздің мақсатымыз – Еуразиядағы беделді, сөзі өтімді медианың біріне айналу. Сонымен бірге біз әуел бастан таңдаған бағытымыздан айнымаймыз. Оқырман мен көрерменге асығыс тұжырымнан ада, салмақты сараптама ұсынып, әр мәселенің мән-жайын тереңінен түсіндіруді жалғастырамыз.

Біз «Еуразия» автономды коммерциялық емес ұйымымен ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Алдағы уақытта халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға және мәдени байланыстарды дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғалар мен жобаларды кеңінен таныстыруды көздеп отырмыз. Сонымен қатар сараптамалық жұмысымыздың географиялық ауқымын кеңейтуді жоспарлаймыз. Бұл бағытта «Еуразия» ұйымы мамандарының тәжірибесі мен осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары біз үшін маңызды қолдау болары сөзсіз.

Сириядағы соғыс маған ақпараттық текетірестің гибридті соғыстың ажырамас бөлігі екенін өз тәжірибем арқылы түсінуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ Еуразияға сырт көзбен қарап, құрлықтың бүгіні мен болашағына, ондағы тұрақтылыққа нұқсан келтіруді көздейтін әрекеттерге өзгеше көзқараспен қарауыма себеп болды.

Мен мұндай қасіреттің Қазақстанда қайталанғанын қаламаймын. Сондықтан біз ақпарат кеңістігінде деректерді қасақана бұрмалайтын немесе мәселенің мән-жайын жете түсінбестен, қоғамда алауыздық туғызатын пікірлер мен ұстанымдарды тарататындарға қарсы тұруды маңызды міндетіміз деп білеміз.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Румынияның жаңа үкіметі келесі аптаның басында бекітілуі мүмкін

Румыния парламентінің салалық комитеттері келесі аптаның басында жаңа үкіметті жасақтау міндеті жүктелген Лука Никулеску ұсынған министрлікке кандидаттарды тыңдайды. Бұл туралы жұма күні Румыния радиосы хабарлады.

Канада мен Еуроодақты жақындасуы Еуропаға сұйытылған газ жеткізілімін арттыруы мүмкін – сарапшы

Канада мен Еуропалық одақ арасындағы байланыстардың нығаюы энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуі мүмкін. Ресей Ғылым академиясының АҚШ және Канада институты Канада бөлімінің жетекшісі Наталья Вяхирева осындай болжам жасады. Оның айтуынша, Оттава мен Брюссельдің жақындасуына Канада мен АҚШ арасындағы сауда қайшылықтары да ықпал етіп отыр.

АҚШ доллары еуро мен фунтқа шаққанда одан әрі арзандап, иенаға қатысты бағамы тұрақты

Жұма күні күндіз АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке шаққандағы бағамы бұрынғыдан да жылдам төмендеді. Ал жапон иенасына қатысты бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ.

Экологиялық мәселелер саяси келіспеушіліктерден жоғары тұруы тиіс

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәселелер саяси келіспеушіліктерден жоғары тұруы керек деп есептейді. Мемлекет басшысының пікірінше, табиғатты сақтау үшін халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін үйлестіру қажет.