Евразия24ЖаңалықтарТрамп әзірге Ресейден энергия ресурстарын сатып алатын елдерге баж салығын енгізбеуге шешім...

Трамп әзірге Ресейден энергия ресурстарын сатып алатын елдерге баж салығын енгізбеуге шешім қабылдады

|

|

Вашингтон. 17 қазан. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.

«Мен «Грэм заңында» қарастырылған санкциялар мен баж салықтарын енгізуді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадым», – делінген Трамптың Ақ үй жариялаған жарлығында.

Аталған заңға сәйкес, АҚШ президенті 18 қазанға дейін шектеу шараларын енгізуге міндетті болған. Алайда бұл шараларды қолдану АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне сай келмеген жағдайда, олардың күшіне енуін кейінге қалдыруға да құқығы бар.

Трамп қол қойған жарлықта Ресейден мұнай мен газ сатып алатын негізгі бес елге, егер олар 18 қазаннан кейін де импортты жалғастырса, 100% көлемінде баж салығын енгізу қарастырылған. Сонымен қатар Ресейден әкелінетін тауарларға 500% баж салығын салу көзделген. Ресейдің энергетика саласындағы шектеулерді айналып өтуіне көмектесетін негізгі бес елге де осындай сауда шаралары қолданылмақ болған.

Алайда жарлықта аталған шектеулердің барлығын бірден тоқтата тұру туралы шешім де бекітілген.

Америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының түсіндіруінше, бұл Трамптың қажет деп тапқан жағдайда санкциялар мен баж салықтарын кейінірек енгізу құқығын сақтап қалғанын білдіреді. Ал «Грэм заңы» қабылданғанға дейін Ресейге қарсы енгізілген АҚШ санкциялары күшінде қала береді.

Жарлықта жаңа шектеулердің белгісіз мерзімге тоқтатылғаны атап өтілген. Дегенмен президент бұл шешімін кез келген уақытта қайта қарай алады.

«Санкциялық шараларды қолданбау тәртібі президент пен мемлекеттік хатшы қаржы министрі және АҚШ-тың сауда өкілімен кеңесе отырып, санкцияларды күшіне енгізу қажет деген шешімге келгенге дейін сақталады», – делінген құжатта.

Bloomberg агенттігінің жазуынша, Трамптың баж салығын әзірге енгізбеуі Қытай, Үндістан және Түркия сияқты Ресей энергия ресурстарын сатып алатын ірі елдермен арадағы қайшылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, АҚШ президенті әлемдік нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету бағытында Ресеймен ынтымақтастықты кедергісіз жалғастыра алады.

Алайда агенттік мұндай шешім Конгрестегі көптеген заң шығарушының наразылығын тудыруы мүмкін екенін атап өтті. Олардың қатарында демократтар ғана емес, Трамптың өз партиясы – республикашылдардың өкілдері де бар.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Осы аптада Ормуз бұғазы маңында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалды

Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.

Халықаралық «Еуразия» сыйлығы: «Еуразия24» «Еуразия дауысы» аталымында екінші орынға ие болды

Бұл – «Еуразия24» редакциясы мен оқырман-тыңдармандарымыздың ортақ еңбегінің нәтижесі, бәріміз үшін аса маңызды жетістік. Осы марапат шамамен екі жыл бұрын жұмысын бастаған ақпараттық-сараптамалық жобамыздың өз орнын тапқанын айғақтайды. Сонымен бірге бұл – алдағы уақытта да үлкен жауапкершілік жүктейтін зор сенім.

Румынияның жаңа үкіметі келесі аптаның басында бекітілуі мүмкін

Румыния парламентінің салалық комитеттері келесі аптаның басында жаңа үкіметті жасақтау міндеті жүктелген Лука Никулеску ұсынған министрлікке кандидаттарды тыңдайды. Бұл туралы жұма күні Румыния радиосы хабарлады.

Канада мен Еуроодақты жақындасуы Еуропаға сұйытылған газ жеткізілімін арттыруы мүмкін – сарапшы

Канада мен Еуропалық одақ арасындағы байланыстардың нығаюы энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуі мүмкін. Ресей Ғылым академиясының АҚШ және Канада институты Канада бөлімінің жетекшісі Наталья Вяхирева осындай болжам жасады. Оның айтуынша, Оттава мен Брюссельдің жақындасуына Канада мен АҚШ арасындағы сауда қайшылықтары да ықпал етіп отыр.