Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда жыл басынан бері 1,3 трлн теңгенің активтері қайтарылды

Қазақстанда жыл басынан бері 1,3 трлн теңгенің активтері қайтарылды

|

|

Астана. 20 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловтың елдегі заңдылықтың сақталуы жөніндегі есебін тыңдады. Бұл туралы сейсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Берік Асылов Президентке елдегі криминогендік ахуалды бақылау және қылмыстың алдын алу бағытында қабылданған үйлестіру шаралары туралы баяндады.

Биылғы тоғыз айда қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 14,6%-ға азайған. Оның ішінде қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар 22,3%-ға, көшелердегі қылмыс 20,1%-ға төмендеген.

Бүгінге дейін мемлекетке жалпы құны 1,3 трлн теңгенің активтері қайтарылды. Осы қаражат есебінен 466 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын салу және қайта жаңғырту жұмыстары қаржыландырылған. Оның 378-інде жұмыс аяқталды.

Бас прокурор активтерді қайтару, қылмыс жасаған адамдарды экстрадициялау және ұстап беру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Атап айтқанда, Бас прокуратура 39 юрисдикциямен 92 шартқа қол қойған. Қазақстанға 50 адам экстрадицияланып, шет мемлекеттерге 123 адам ұстап берілген.

Сонымен қатар Берік Асыловтың мәліметінше, жыл басынан бері 2886 инвесторға көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта 3,5 мың инвестициялық жоба прокурорлардың бақылауында.

Әлеуметтік-экономикалық салада 413 мың азаматтың конституциялық құқығы қалпына келтірілді. Олардың қатарында еңбек құқығы қорғалған 200 мыңнан астам жұмыскер бар. Сондай-ақ жалақы бойынша 2,5 млрд теңге, алимент бойынша 7,9 млрд теңге берешек өндірілген.

Прокурорлар мемлекеттік қаражатты жұмсау кезінде жалпы сомасы 535 млрд теңгені құрайтын заң бұзушылықтардың жолын кескен. Бюджетке 66,4 млрд теңге қайтарылған.

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев барлық салада заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заң үстемдігі мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы сайлау кезеңін қоса алғанда, қоғамдық тәртіптің сақталуына бағытталған шараларды үйлестіруді күшейтуді міндеттеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев құны 1,8 млрд доллар болатын Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысына бастау берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Түркияда Letim төлем сервисі 30 қарашадан бастап жұмысын тоқтатады

Түркияда ресейлік туристер арасында кеңінен қолданылатын Letim төлем сервисі 30 қарашадан бастап жұмысын тоқтатады. Бұл туралы сейсенбі күні Ресей туроператорлары қауымдастығы (АТОР) сервис операторына сілтеме жасап хабарлады.

Арктиканың Еуропалық Одақ қауіпсіздігі мен экономикасы үшін маңызы артып келеді

Еуропалық Одақ аумағының бір бөлігі Арктикада орналасқан. Қазіргі уақытта бұл өңірде геосаяси өзгерістер қарқын алып келеді. Бұл туралы сейсенбі күні Страсбургте Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.

Орталық Азия мен АҚШ сыртқы істер министрлері саяси диалогты кеңейту мәселесін талқылады

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен «С5+1» форматындағы кездесуде Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио саяси диалогты кеңейту мәселесіне ерекше назар аударды.