Евразия24ЖаңалықтарКаспий мен Балқаш құрғап барады: Тоқаев нақты қадамдар ұсынды

Каспий мен Балқаш құрғап барады: Тоқаев нақты қадамдар ұсынды

|

|

Тоқаев: Каспий мен Балқашты қорғау үшін нақты шаралар қажет

Астана, 9 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАНҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізі мен Балқаш көлі, сондай-ақ өзге де су көздерін сақтау бағытында нақты әрі тиімді шаралар қабылдау қажет екенін мәлімдеді.

«Су – экономиканың, экологияның, ұлт денсаулығы мен жалпы өмірдің барлық саласының маңызды факторы. Сондықтан да оның таза әрі қолжетімді болуы – аса маңызды. Көп жылдан бері елімізде Кіші Аралдықұтқару жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде теңіз біртіндеп қайта оралып, су айдыны толыға бастады. Енді Каспий теңізі мен Балқаш көлін және басқа да су көздерін сақтау үшін нақты шаралар қабылдау қажет»,деді Мемлекет басшысы сәрсенбі күні Астанада су шаруашылығы саласы қызметкерлерімен кездесуде.

Президент суды ұқыпты пайдаланудың маңызын айта келіп, оның орны толмас ресурс екенін атап өтті.

«Суға ұқыпты қараутұрақты болашаққа бастайтын жол. Ал бейберекет және бақылаусыз пайдалану өте ауыр салдарға әкелуі мүмкін»,деп ескертті Тоқаев.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...