Евразия24Еуразия патриоттарыТоқаев пен Жапаров стратегиялық әріптестікті нығайтты

Тоқаев пен Жапаров стратегиялық әріптестікті нығайтты

|

|

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың төрағалығымен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің жетінші отырысы өтті. Мемлекет басшысы өзсөзінде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа ресмисапарға шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, бұл сапардың басты мақсаты – қазақ-қырғыз қарым-қатынасын нығайту және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту екенін атап өтті.

«Жоғары деңгейдегі саяси диалогтың арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынас жаңа сапалық деңгейге көтеріледі деп сенемін. Қазақ пен қырғыз – ортақ тарих пен тағдыр тоғыстырған бауырлас халықтар. Екі ел де қиын-қыстау кезеңдерде де, қуанышты сәттерде де әрқашан бір-біріне қолдау көрсетіп келді. Уақыт сынынан сүрінбей өткен достығымыз – ата-бабаларымыз аманаттаған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани мұра. Бүгінде қос халықтың қарым-қатынасы өзара сенім мен құрметке негізделген, мызғымас серіктестікке ұласты. Екі ел арасындағы байланыс одақтастық рухында дамып келеді. Қырғызстан – Қазақстанның аймақтағы негізгі стратегиялық әріптестерінің бірі.  Екіжақты сауда көлемі шамамен 2 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл көрсеткішті одан әрі арттыруға барлық мүмкіндік бар. Инвестициялық ынтымақтастық жылдан-жылға кеңейіп келеді, соның нәтижесінде бірқатар бірлескен жобалар табысты жүзеге асырылды. Біз су-энергетика саласындағы әрекетімізді үйлестіріп отырмыз. Мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстар да нығая түсуде», – деді Қазақстан Президенті.

Евразия24 пікірі:

Қазақстан мен Қырғызстанның VII Жоғары мемлекетаралық кеңесі аясында өткен екіжақты келіссөздердің нәтижесінде екі ел президенттері бірқатар шешімдерге қол қойды. Атап айтқанда, 2030 жылға дейін екіжақты тауар айналымын 3 млрд АҚШ долларына дейін арттыру жөніндегі жол картасы, сондай-ақ үкімет аралық және ведомство аралық өзге де құжаттар бекітілді. Қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу қабілетін арттыру және жүк тасымалын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы бағытта шекарадағы 8 өткізу бекетін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, екі ел арасындағы тарихи маңызды су-энергетикалық мәселені дипломатиялық жолмен шешу бойынша жаңалықтар күтілгені айтылды. Иә, бұл мәселені де мемлекет басшылары талқылады. Су ресурстары жөніндегі мәселе біржола шешіледі дегенге сенудің қажеті жоқ, өйткені бұл – әр мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Дегенмен, тараптар арасында консенсус пен диалогтың бар екендігі – оң көрсеткіш. Бұл – нағыз еуразиялық ұстаным.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.