Евразия24Таңдаулы жаңалықтарҚоғам агрессияға тұншығып тұр – дәрігер өзін өзі қорғайтын деңгейге жетті

Қоғам агрессияға тұншығып тұр – дәрігер өзін өзі қорғайтын деңгейге жетті

|

|

«Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин дәрігерлер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған технологиялар туралы айтып берді: «Дәрігерлерге шабуылдар әлі де жалғасып жатыр. Иә, Қарағанды мен Қостанай облысындағы оқиғалар туралы айтып отырмын. Өкінішке қарай, медицина қызметкерлері тек өзгенің өмірін емес, өз қауіпсіздігін де қорғауға мәжбүр. Соңғы үш жыл ішінде Қазақстанда медицина қызметкерлеріне жасалған 130-дан астам агрессия фактісі тіркелді. Оларды қалай қорғай аламыз? Осы мәселені шешуді «Қазақтелеком» қолға алды. «Смарт-видео жетондар» жобасы іске қосылды. Бұл құрылғылар дәрігерлердің халатына бекітіледі, барлық жағдайды жазып отырады. Қауіп төнген жағдайда бір ғана батырманы басу арқылы полицияны шақыруға болады. Қазір бұл жүйе Астана мен Алматы қалаларында сынақтан өтіп жатыр – әр қалада бес жедел жәрдем бригадасы осындай бейнежетондармен жабдықталған», – деді Мусин.

Евразия24 пікірі:

Қазақстанда агрессия деңгейі шектен шығып тұр. Әйелін ұратын күйеулер, баланы ұратын тәрбиешілер, дәрігерге шабуылдайтын науқастар – бәрі де бүгінгі күннің шындығы. Қоғамдағы ізгілік мәдениеті тарқағандай әсер қалдырады.

Ақ халатты абзал жандарға арналған видеожетондар – жақсы бастама. Олар полицияға шабуыл жасаған адамды жылдам анықтап, шара қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ бұл құрал дәрігерлердің басым бөлігі әйелдер екенін ескерсек, олардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алмайды.

2024 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамаға өзгерістер енгізіліп, ұрып-соғу әрекеттері қайтадан қылмыстық сипат алды. Сарапшылар бұл қадамнан кейін «ас үй жауынгерлері» сабасына түседі депсенген. Бірақ нәтиже өзгеше болды. Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы енгізілгенде де осындай үміт болған. Алайда бұл да жағдайды түбегейлі өзгертпеді.

Халық арасында мынадай тұрақты пікір бар: «Тазалық – үнемі жинағанжерде емес, қоқыс тасталмайтын жерде болады«. Дәл осыны зорлық-зомбылыққа қатысты да айтуға болады: қауіпсіздік – қылмыскерлерді қамағаннан кейін емес, ешкім ешкімді ұрып-соқпайтын ортада орнайды. Денсаулық сақтау министрлігі халықтың менталдық денсаулығынз ерттеу мәселесімен нақты айналысуы қажет сияқты. Біз неге осынша ашушаң, өктем болдық?

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.