Евразия24ЖаңалықтарБатыс Еуропада аптап ыстық күшеймек

Батыс Еуропада аптап ыстық күшеймек

|

|

Брюссель. 25 мамыр. ИНТЕРФАКС — Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде мамыр айының соңына қарай температуралық рекордтар тіркелуі мүмкін, деп жазады Politico.

Аптап ыстық әсіресе осы апта соңында Испания мен Португалия аумағында күшейеді деп күтілуде. Португалияның кей өңірлерінде ауа температурасы 40 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар, Франция, Бельгия және Ұлыбритания елдерінің синоптиктері де алдағы күндері мамыр айындағы орташа көрсеткіштен әлдеқайда жоғары температура болатынын болжады.

Францияның метеорологиялық қызметі дүйсенбі күні-ақ 18 департаментте, соның ішінде Париж қаласында ыстыққа байланысты қауіп деңгейін көтерді. Қазір Парижде өтіп жатқан Францияның теннистен Ашық чемпионатында спортшылар мен көрермендер 30 градустық ыстыққа тап болып отыр.

Ал британдық синоптиктер биылғы мамыр айындағы ең жоғары температура тіркелгенін хабарлады. Лондон маңында ауа температурасы 34 градусқа дейін көтерілген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақ қоғамында ажырасу неге көбейді?

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөздің мәні бүгін бұрынғыдан да терең сезіледі. Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасу қоғамдық мәселе ретінде жиі айтылып жүр. Бұл тек екі адамның жеке таңдауы емес, баланың тағдырына, демографияға, әлеуметтік тұрақтылыққа әсер ететін мәселе.Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркеліп, 45,7 мың ажырасу рәсімделген. 2024 жылы 123,6 мың неке және 40,5 мың ажырасу болған. Бір жылда тіркелген ажырасулар саны шамамен 5,2 мыңға өскен. Ең назар аударарлығы – ажырасулардың 35 пайызы некенің алғашқы 1-4 жылында болған. Тағы 24 пайызы 5-9 жыл бірге тұрған отбасыларға тиесілі. Бұл «неге жас отбасылардың шаңырағы шайқалады?» деген сұрақты алға шығарады.

Қазақстанда Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жеке мемлекеттік орган болып құрылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Исландияда ЕО-ға кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастау мәселесі бойынша референдум өтіп жатыр

Исландияда сенбі күні Еуропалық одаққа кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастау мәселесі бойынша референдум басталды.

Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 626 адамға жетті, 2,4 мың адам із-түзсіз жоғалған

Непалдағы жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 626 адамға жетті, тағы 2,4 мың адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Бұл туралы сенбі күні Ресейдің Непалдағы елшілігі хабарлады.