Евразия24Басты бетӘскери қуат – жаңа дәуірдің басты валютасы

Әскери қуат – жаңа дәуірдің басты валютасы

|

|

Ялта-Потсдам жүйесіне негізделген әлемдік тәртіп өз қызметін тоқтатқаннан кейін, ал жаңа жаһандық жүйе әлі толық қалыптаспай жатып, көптеген мемлекеттер түрлі деңгейде «дәстүрлі құндылықтарға» бет бұра бастады.

Мемлекет тұрғысынан алғанда, «дәстүрлі» ұғым азық-түлік қауіпсіздігін, алтын қорын және әскери қуатты білдіреді. Қазақстан орта державалық мәртебеде бола отырып, күрделі жағдайда қалып отыр, себебі бұл деңгейде елдің даусы естілуі үшін жеткілікті ресурстар болуы қажет.

Қазақстанда «шектеулі өнім» секілді эвфемизмдер ресми ақпараттық дискурста қолданылмайды. Бұл егін орағына қатысты 2025 жылға арналған болжамдардың қалыпты екенін білдіреді. Ал ет бағасының күрт қымбаттауы байқалғанымен, ол табиғи және табиғи емес монополистердің тарифтерінен артық емес.

Алтын – толық мағынадағы абсолютті төлем құралы ретіндетұрақты құндылығын сақтап отыр. Бұл ретте жағдай қанағаттанарлық деңгейде. Себебі, республика өзінің бағалы металл өндірісіне ие, сондықтан төтенше жағдайда қолдануға болатын резервтік қаржы құралдарымен қамтамасыз етілген.

Геосаяси тұрақсыздық кезеңінде халықаралық қатынастарда “валюта” рөлін әскери күш те атқара бастайтыныАқорда үшін аса қуанышты жаңалық емес.

Орталық Азия өңірінің өзінде ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше Қырғызстан мен Тәжікстан шекаралық дауларды қарулы қақтығыстар арқылы шешуге тырысты. Ал Каспий теңізінде дрондармен суға батырылған «Порт Оля – 4» сауда кемесінің оқиғасы бұл су айдынын да қауіп-қатер көзіне айналдырды.

Әскери күшке деген сұраныстың күрт артуыкез келген саяси билік үшін күрделі сын. Армия ұзақ жылдар бойы соғыс қимылдарына тартылмауы мүмкін, дегенмен оны құрып, ұдайы дайын жағдайда ұстау үшін едәуір ресурстар қажет. Қарулы күштерді тек бейбіт кезеңде жүйелі түрде жасақтап, сақадай сай ету маңызды, өйткені соғыс басталып кеткен жағдайда оны қысқа мерзімде құру мүмкін емес.

Қазақстан үшін жаңа сын-қатерәскери істегі технологиялық төңкеріс. Қазіргі уақытта Ресей мен Украина майдан даласында қарулы қақтығысты жалғастырып жатқанда, әлемнің беделді әскери мектептері бұл үдерісті жіті бақылап отыр. Бұған дейін Екінші дүниежүзілік соғыс пен «Шөлдегі дауыл» операциясынан бері өзгермей келген әскери тактикалар мен модельдерөзектілігін жоғалтты.

Әлемдік әскери ғылым әлі күнге дейін жаңа соғыста, мысалы, сауаттытехниканың қажет, не қажет емес екенін түсіне алмай отыр. Яғни, танк пен бронетранспортерлер (БТР) бұрынғыдай маңызға ие ме, әлде бір кездеріжойылып кеткен атты әскер секілді заман талабынан шығып қалған әскерикүш түріне айналды ма бұл сұраққа нақты жауап жоқ.

Қазіргі уақытта қақтығыс алаңында логистиканы кім қамтамасыз етіп отыр? Егер майдан шебінен 15 шақырымға дейінгі аумақ пилотсыз ұшуаппараттары кесірінен тұтас «қатер аймағына» айналса, жараланғандардықалай эвакуациялауға болады? Мұндай сауалдар өте көп. Тіпті кейбірмәселелерге қатысты әскери теоретиктердің өзі ашық пікір білдіруденқорқады.

Мысалы, Ресейде «Орешник» атты гипердыбыстық зымыран сынды қарутүрлері пайда болғаннан кейін, АҚШ-тың әуе тасымалдаушы әскери кемелерқандай әскери артықшылықтарға ие бола алады? Украинада дәстүрлімағынадағы әскери-теңіз флоты болмаса да, ресейлік Қара теңіз флоты украин теңіз дрондарының шабуылдарынан елеулі шығынға ұшырады.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі кезеңде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жаңа буындағы тасымалданатын зениттік-зымыран кешендерінің (ПЗРК) әсерінен тікұшақтардың соғыс алаңындағы маңызы айтарлықтай төмендеген. Қазақстан үшін қазіргі кезеңдегі басты мәселеәскери құрылыс пен қорғаныс әлеуетін шұғыл түрде дамыту қажеттігі. Себебі қазіргі жағдайдаәскери ахуалдың нақты бағытын күтіп отыруға мүмкіндік жоқ. Шектеуліресурстарды тәуекел етпей тиімді пайдаланудың жалғыз жолынақтышешім қабылдау.

Жеке құрам мәселесіөз алдына бөлек тақырып. Кез келген армияның ең басты әрі ең күрделі құрамдас бөлігі – бұл адам. Егер жеке құрам тиісті білім, даярлық, кәсіби дағды, мотивация мен денсаулыққа ие болмаса, заманауи әріжоғары технологиялы техника да тиімді жұмыс істей алмайды. Демек, әсіресе кәсіби әскери қызметшілерге қатысты әлеуметтік саясатты түбегейліқайта қарау қажеттілігі туындайды.

Қазақстанда әскери құрылыс мәселесіне қатысты бұрынғы кезеңнен қалғанең өзекті түйткілдердің қатарында сыбайлас жемқорлық, кәсіби дайындығыжеткіліксіз кадрлар, бейбіт уақытта мерзімді қызметтегі әскериқызметшілердің қазаға ұшырауы, басқарушы буынның тым көптігі мен тікелей жауынгерлік бөлімдерде жеке құрам тапшылығы, сондай-ақматериалдық-техникалық қамтамасыз етудегі жүйелі проблемалар бар.

Әлем барған сайын қауіпсіздігі мен тұрақтылығынан айырыла түсуде. Ал еңқұнды әрі тапшы ресурс – уақытмүлде жеткіліксіз.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕАЭО азаматтарының Ресейде жұмыс істеу шарттары жеңілдейді: салық саясаты қайта қаралды

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің азаматтарына қатысты Ресей Федерациясында қолданыста болған жеке табыс салығына (ЖТС) 30 пайыздық жоғарылатылған мөлшерлеме алынып тасталды.

Қазақстан және өркениеттік бағдар

«Шұғыл! Ақорда сын кезеңде тұр! Назарбаевтың Путинге құпия сапары! Фархад Қасеновпен сұхбат» — Daily Europe Online арнасындағы кезекті бейнеролик. Уайымдаудың қажеті жоқ – «Ақорда сын кезеңде тұр» немесе «бұрынғы Елбасының Кремльге құпия сапары» секілді тақырыптар тек назар аударту үшін қойылған. Шын мәнінде, бейнероликтің мазмұны мүлде басқа.

Мүмкіндігі шектеулі тәрбиешілер

«Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды өзгерістер қабылданды. Бұл өзгерістер «Мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң аясында іске асырылуда

Мал шаруашылығын несиелеу: пайда ма, шығын ба?

Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қатысты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты – мал шаруашылығын түрлі мақсаттарға арналған жеңілдетілген несиелеу арқылы қолдау болатыны аталған жаңалықтан айқын аңғарылады.