Евразия24ЖаңалықтарҚытайға визасыз сапар: ресейлік туроператорлар сұраныстың 100%-ға артқанын тіркеді

Қытайға визасыз сапар: ресейлік туроператорлар сұраныстың 100%-ға артқанын тіркеді

|

|

Мәскеу. 15 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – 15 қыркүйектен бастап визасыз режим енгізілгеннен кейін Қытайға туристік сапарларға және қонақүй брондау көрсеткіштеріне сұраныс 50–100%-ға артты. Бұл туралы Ресейдің Туризм индустриясы одағы (РСТ) дүйсенбі күні хабарлады.

«Ozon Travel деректері бойынша, қыркүйектің басында Қытаймен визасыз режим енгізілетіні туралы жаңалық шыққан соң, сұраныс айтарлықтай өсе бастады: айдың алғашқы онкүндігінде өткен жылмен салыстырғанда 60%-дан астам өсім байқалды. Орташа чек өзгеріссіз қалғанымен, 8 қыркүйектен бастап оның да жоғарылау үрдісі байқалуда. Қытайдағы қонақүй броньдары екі есеге артты», – делінген мәлімдемеде.

Fun&Sun компаниясы да 15 қыркүйектен бастап Қытайға турларға сұраныстың күрт артқанын растады.

«Қытайға сапарға шығуға ниеттілер үшін бұрын визалық талап елеулі тосқауыл болған еді. Енді бұл шектеу жойылды. Қытай — жағажай демалысына да, экскурсиялық бағыттарға да қызығушылық тудыратын ел. Бір рет бару бұл елмен танысу үшін жеткіліксіз. Визасыз режим енгізілмей тұрып-ақ, жазда сұраныс 10%-ға, ал күз-қыс маусымына – 50%-ға артқан. Қазіргі уақытта туристердің шамамен 80%-ы Хайнаньға барады, қалғандары Қытайдың материктік бөлігіне сапар шегеді», – деді компанияның PR-директоры Ольга Ланская.

Ол сондай-ақ Қытайға сапарды туроператор арқылы жоспарлаған тиімді екенін айтты: «Бұл – тілдік кедергілерге байланысты туындауы мүмкін қиындықтардың алдын алуға көмектеседі. Мысалы, Бейжің мен Шанхайда ағылшын тілінде сөйлейтін қызметкерлерді табуға болады, ал басқа қалаларда мұндай мүмкіндік шектеулі. Сонымен қатар, кейбір қонақүйлер шетелдік қонақтарды қабылдамайды, оларды алдын ала полицияда тіркеу қажет. Бұл да қиындық тудыруы мүмкін».

«Спектрум» компаниялар тобының президенті Евгения Конколь соңғы он күн ішінде Қытайға турларға сұраныстың күрт артқанын хабарлады.

«Виза режимінің жойылуы Қытай бағытында сатылымдардың күрт өсуіне себеп болды. Қытайдың материктік бөлігіне де, Хайнаньға да брондау белсенді жүргізілді. Соңғы апта жарым ішінде өтінімдер саны тамыз айымен салыстырғанда 50%-дан артық артты. Бұған визасыз режиммен қатар, бұл жаңалықтың бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануы да әсер етті», – деді ол.

Конкольдің айтуынша, туристердің басым бөлігі бүгінде Хайнаньға, яғни жағажай демалысына қызығушылық танытуда. Бұл бағыт тіпті қысқы маусымдағы дәстүрлі Таиланд немесе Вьетнаммен бәсекелесе алатын деңгейге жетті. Сонымен қатар, Шанхай – Бейжің – Тяньцзинь – Гуанчжоу бағыты бойынша аралас турларға да сұраныс артқан.

Еске салсақ, 15 қыркүйектен бастап Қытайға 30 күнге дейінгі визасыз сапар үшін шетелдік төлқұжат жеткілікті. Оның жарамдылық мерзімі Қытайдан шығатын күннен бастап кемінде 6 ай болуы тиіс.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Экранға телмірген ұрпақ білімнің бағасын жоғалтып алмай ма?

«Білім – таусылмайтын қазына» дейді халқымыз. Расында, адамға өмір бойы серік болатын ең үлкен байлық – білім. Ол ешқашан құнын жоғалтпайды, керісінше, иесін биік белестерге жетелейді. Алайда бүгінгі цифрлық дәуірде осы асыл құндылықтың бағасын жете түсінбей келе жатқан жастардың қатары көбейіп бара жатқандай. Бұл – тек бір отбасының немесе бір мектептің емес, тұтас қоғамды алаңдатарлық мәселе.

Чехияда оқу: Еуропалық білімнің шынайы келбеті

Еуропалық білім алу бүгінде Қазақстан жастарының көпшілігі үшін маңызды мақсаттардың біріне айналды. Бірі сапалы білім алу үшін шетелдік университеттерді таңдаса, енді бірі халықаралық тәжірибе жинап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуды көздейді. Алайда қызығушылықпен қатар көптеген сұрақтар да туындайды. Еуропалық білім беру жүйесінің ерекшелігі қандай? Оқуға түсу қаншалықты қиын? Шетелдік студенттер қандай қиындықтарға тап болады? Жалпы, шетелде оқу шынымен күткен үмітті ақтай ма? Бұл шығарылымда осы сұрақтарға жауап береміз.

Қытайдағы ауа райының қолайсыздығына қарамастан туристік сұраныс тұрақты

Биыл жазда Қытай аумағында болған бірнеше тайфун туристердің турлардан бас тартуына немесе сұраныстың төмендеуіне әсер еткен жоқ.

Азия қор нарықтарында әркелкі динамика байқалдым

Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері сейсенбідегі сауданы әртүрлі бағытта аяқтады. Жапон биржасы жумыс демалыста жұмыс істеген жоқ .