Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Ботсвана дипломатиялық қатынастар орнатты

Қазақстан мен Ботсвана дипломатиялық қатынастар орнатты

|

|

Астана, 4 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан мен Ботсвана екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойды. Құжатқа БҰҰ жанындағы екі елдің тұрақты өкілдері – Қайрат Омаров пен Чарльз Масоле Нью-Йорктегі кездесуде қол қойғанын Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл құжат екі ел қарым-қатынастарының тарихындағы жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Қазақстан мен Ботсвана халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттарына, атап айтқанда, мемлекеттік егемендікті және аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, мемлекеттердің теңдігі және ішкі істерге араласпау ұстанымдарына негізделген достық және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді», – делінген хабарламада.

Екі елдің әлеуетін ескере отырып, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде ауыл шаруашылығы, энергетика, фармацевтика, денсаулық сақтау, туризм, көлік және логистика салалары аталды. Қазақстан жасыл энергетиканы дамыту және жоғары білім беру саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін растады.

«Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша көзқарастарының ұқсас екенін және бейбітшілікке, тұрақты дамуға және елдердің өркендеуіне ортақ ұмтылыстарын атап өтті. Сондай-ақ, БҰҰ және өзге де халықаралық ұйымдар аясында көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға уағдаласты», – делінген мәліметте.

Осылайша, Ботсвана – Қазақстан дипломатиялық қатынастар орнатқан 190-шы мемлекет атанды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа мектеп салынды

Қазақстанда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аяқталды. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына есептелген 217 жаңа мектеп бой көтерді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сирия Израиль соққы жасаған әуе базасына түрік әскерін орналастыру жоспары болмағанын мәлімдеді

Сирия «Абу-ад-Духур» әуе базасындағы әскери күшті арттыру мәселесінде Түркиямен бірлескен жұмыс жүргізбеген. Соған қарамастан Израиль аталған нысанға соққы жасады.

Бір миллионға жуық ауыл тұрғыны медициналық қызметпен қамтылды

Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің (МӘСК) 655 нысаны салынды..

Қытай АҚШ пен Иранды мәселені келіссөз арқылы реттеуге шақырды

Қытай АҚШ пен Иран арасындағы шиеленісті санкциялар мен қысым арқылы емес, келіссөз жолымен реттеу қажет деп санайды. Бұл туралы CGTN телеарнасы хабарлады.