Инвестицияның пайда немесе шығынәкелуі оның бағытталған экономикалық саласына тікелей байланысты. XXI ғасырда өндірістік сектордың күрделенуіне байланысты қаржы саласына инвестиция құю үрдіске айналды. Алайда қаржы құралдарының ішінде де жалған активтер бар, шынайы құндылығы барлары да бар. Ішкі құны бар активтерге – мысалы, бағалы металдар – жатады және 2025 жылы дәл осы активтер барлық басқа бағыттардан басым көрсеткіштер көрсетті.
Ресейлік экономист Александр Лежава 2025 жылдың басында 100 мың рубль көлемінде салынған инвестициялардың 5 қараша 2025 жылға дейінгі табыстылығын есептеген:
* Биткойн: 76 335,03 руб. ( -23,66% )
* Ethereum: 69 767,01 руб. ( -30,23% )
* АҚШ доллары: 79 549,67 руб. ( -20,45% )
* Еуро: 88 015,83 руб. ( -11,98% )
* Депозит (жылдық 17%): 114 345,21 руб. ( +14,35% )
* Алтын (1 грамм): 121 987,92 руб. ( +21,99% )
* Күміс (1 грамм): 131 379,63 руб. ( +31,38% )
Көріп тұрғанымыздай, криптовалюта – инвестиция үшін ең күмәнді құралдардың бірі. Әрине, крипто арқылы қыруар табыс тапқан адамдар да бар. Бірақ «жалпы жағдайды» алсақ, бұл салаға ақша салу бастапқыдан-ақ жоғары тәуекелмен байланысты.
Доллар мен еуро – фиаттық, яғни нақты активтермен қамтамасыз етілмеген валюталар. Тіпті өзі де фиаттық болып саналатын ресейлік рубль де, жоғарыда аталған екі валюта да биылғы жылдың он айының қорытындысы бойынша олардың әлсіреуі байқалады.
Танымал криптовалюталармен салыстырғанда доллар мен еуроның құн жоғалту деңгейі бәрібір де төмен. Оның үстіне бұл валюталар АҚШ үкіметі мен еуроаймақтың қаржы институттарының қарыздық міндеттемелері болып табылады. Яғни криптовалюталардан айырмашылығы – олардың эмитенті кім екені және инфляция немесе дефолт сияқты тәуекелдер үшін саяси жауапкершіліктің кімде екені түсінікті.
Ал криптовалютаға келсек, оның ұсынысы нарықта шектеулі болса да (мысалы, биткойн сияқты), оған ешкім жауапты емес. Сондықтан мұндай активтің құны кез келген сәтте нөлге дейін құлдырауы әбден мүмкін.
Рубльдегі депозит кіріс көрсетті. Әрине, бұл табыстың қаншалықты бөлігін нақты инфляция «жеп қойғанын» талқылауға болады, бірақ қалай болғанда да рубльдік капитал номиналды түрде сөзсіз өскені анық.
Ал алтын мен күміс болса, әдетте «қауіпсіз актив» саналғанымен, биыл шынымен таңғаларлық өсім көрсетті.
Екінші жағынан, табиғатынан «нағыз ақша» болып саналатын бағалы металдар нақты пайда әкелуден гөрі, фиаттық валюталардың құнсыздануын көрсетеді. Өйткені дағдарыс кезеңдерінде биржада, жылжымайтын мүлік нарығында немесе валютамен алыпсатарлықта жасанды «көпіршіктер» үрлеу қиын болғанда, экономикадағы шынайы құндылықтар біртіндеп айқындала түседі.
АҚШ мемлекеттік қарызы бойынша дефолт жариялау мүмкін, ал алтын мен күміс сияқты бағалы металдарға қатысты ондай жағдай болмайды. Себебі бағалы металдардың ұсынысы табиғи түрде шектеулі, оларды «басып шығару» мүмкін емес. Тіпті сапалы түрде қолдан жасау да өте қиын.
Ресейдің экономикалық моделін дәл сол күйі Қазақстан жағдайына көшіру мүмкін емес. Мысалы, биылғы жылдың он айында доллар мен еуроның теңгеге шаққандағы бағамы айтарлықтай өсті. Сонымен қатар теңгедегі банктік депозиттердің айтарлықтай кіріс анық байқалады.
Ал енді 1 грамм алтынның бағасына көз салсақ, қаңтардың ортасында ол 45 753 теңге болса, 5 қарашада 67 842 теңгеге дейін көтерілген. Бағаның қай бағытта өзгеріп жатқаны түсінікті.
Алтын мен күмістің қымбаттауы экономикалық және қаржылық жүйеде нақты құндылықтардың қайта алдыңғы орынға шығып жатқанын көрсетеді. Қымбат бағалы металдар нарықтың барлық қатысушыларына – инвесторларды қоса алғанда – уәделерге негізделген байлық пен нақты бар байлықтың екі түрлі ұғым екенін еске салады. Қазіргі жағдайда шынайы құндылықтарға негізделген байлық экономикалық бағалар мен басымдықтар жүйесінде өзіне лайық орынды талап етіп отыр.




