Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарӘлеуметтік аударым төмендеуі мүмкін: Мәслихаттар мен “Атамекен” ШОБ жүктемесін жеңілдетуге күш салуда

Әлеуметтік аударым төмендеуі мүмкін: Мәслихаттар мен “Атамекен” ШОБ жүктемесін жеңілдетуге күш салуда

|

|

Vlast.kz басылымының хабарлауынша, Қазақстанның ірі қалалары мен көптеген облыстарының мәслихаттары арнайы салық режимінде жұмыс істейтіндер үшін әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесін 3%-ға дейін төмендету мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл бастаманы көтерген – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Палата басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтің Vlast.kz-ке айтуынша, ұйым әлеуметтік аударым мөлшерлемесін 2%-ға дейін қысқартуды ұсынады. Жаркеновтің түсіндіруінше, жергілікті өкілетті органдар қолданыстағы 4% мөлшерлемені 2%-ға азайтуға немесе керісінше, 6%-ға дейін арттыруға құқылы. Яғни қазіргі жағдай бойынша әлеуметтік төлем мөлшерлемесін 2% немесе 6% деңгейінде белгіленуі мүмкін. Мәслихаттар әлеуметтік аударым мөлшерлемесін тек облыс немесе қала деңгейінде ғана емес, тіпті аудан немесе жекелеген экономикалық салалар бойынша да әртүрлі етіп белгілеуге құқылы. «Қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігі біздің сұрауымыз бойынша барлық мәслихаттар мен әкімдіктерге осы мәселені талқылауға қатысты ресми түрде жүгінді. Бұл қадамды дәл қазір қолға алу қажет екенін ескертті. Қазіргі таңда барлық әкімдіктер мен мәслихаттар бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Негізінен біз мөлшерлемені 3%-ға дейін төмендету туралы ұсынысты талқылап отырмыз», — деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов. Оның айтуынша, мәслихаттар деңгейіндегі талқылаулардың баяу жүруі — олардың барлығының бұл механизмді қалай жүзеге асыру керектігін толық түсінбеуімен байланысты. «Біз, «Атамекен» палатасы ретінде, мөлшерлемені 2%-ға дейін қысқартуды ұсынамыз. Алайда барлық өңірлік әкімдіктер бұл ұсынысты, яғни бизнестің талап етіп отырған деңгейін қабылдауға әзір емес. Әрбір шешім нақты өңірдегі экономикалық жағдайға сүйене отырып қабылданатын болады», — деп нақтылады Жаркенов.

 

Евразия24 пікірі:

Осыған ұқсас жағдай 2023 жылы да орын алған еді. Сол жылы шағын және орта бизнес (ШОБ) үшін бөлшек салықты қайта енгізіп, оның мөлшерлемесін 3%-дан 4%-ға дейін көтерді. Сонымен қатар, бұл мөлшерлемеге жататын қызмет түрлерінің саны 190-ға дейін артты.
Мәселен, сол кезеңде Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Махаббат Жұтаев «бизнесті тұншықтырмаңыздар» деп мәлімдеп, бөлшек салық мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендетуді ұсынды. Ол бизнестің шамамен 30%-ы көлеңкелі аймақта жұмыс істейтінін, ал бөлшек салыққа көшу арқылы кәсіпкерлер салықты өз мүмкіндігіне қарай төлеп, әрі қарай несие алып, кәсібін кеңейте алатынын атап өтті. «Бұл шара кәсіпкерлерді ынталандыра бастайды. Бірден нәтиже бермесе де, үш жылдан кейін бизнестің заңдастырылуы арқылы салық түсімі артады», – деген болатын депутат Жұтаев (https://www.zakon.kz/stati/6396212-ne-dushite-nas-kostanayskiy-biznes-prosit-snizit-stavku-roznichnogo-naloga-do-2.html ). Бұл жайт өңірлік мәслихаттарда шағын бизнестің негізгі мәселесі – айналым қаражатының жетіспеушілігі екенін бұрыннан жақсы түсінетінін көрсетеді. Алайда жергілікті халық қалаулыларына үнемі қаржы органдары қарсы тұрып келеді. Олардың негізгі мақсаты – салықты оңай жолмен көбірек жинау: мөлшерлеме жоғары болса – түсім де көп болады деген логика.
Қазір, дегенмен, еліміздің Қаржы министрлігінің өзі де шағын және орта бизнестің елдегі басты жұмыс беруші ретіндегі әлеуметтік маңызын түсіне бастағаны байқалады.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа мектеп салынды

Қазақстанда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аяқталды. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына есептелген 217 жаңа мектеп бой көтерді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сирия Израиль соққы жасаған әуе базасына түрік әскерін орналастыру жоспары болмағанын мәлімдеді

Сирия «Абу-ад-Духур» әуе базасындағы әскери күшті арттыру мәселесінде Түркиямен бірлескен жұмыс жүргізбеген. Соған қарамастан Израиль аталған нысанға соққы жасады.

Бір миллионға жуық ауыл тұрғыны медициналық қызметпен қамтылды

Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің (МӘСК) 655 нысаны салынды..

Қытай АҚШ пен Иранды мәселені келіссөз арқылы реттеуге шақырды

Қытай АҚШ пен Иран арасындағы шиеленісті санкциялар мен қысым арқылы емес, келіссөз жолымен реттеу қажет деп санайды. Бұл туралы CGTN телеарнасы хабарлады.