Евразия24ЖаңалықтарМәжіліс заңсыз контентті таратуға шектеу қоятын заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс заңсыз контентті таратуға шектеу қоятын заң жобасын мақұлдады

|

|

АСТАНА. 12 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Архив ісі және заңсыз контентті таратуға шектеу қою мәселелері жөніндегі» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды. Құжатта педофилия мен дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттауға тыйым салу көзделген.

Заң жобасын таныстырған Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, құжатқа бұл түзетулер қоғамда балалар мен жасөспірімдерді цифрлық кеңістіктегі теріс ақпараттан қорғау мәселесіне қатысты алаңдаушылықтың артуына байланысты енгізілген.

«Бүгінгі таңда балалар мен жастар интернетте отбасылық құндылықтар мен адамгершілікке қатысты түсініктеріне кері әсер ететін мазмұнмен жиі бетпе-бет келеді. Өскелең ұрпақтың санасын құқыққа қайшы ақпараттан қорғау – олардың қауіпсіздігі мен психикалық денсаулығын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі», – деді депутат.

Оның айтуынша, Ұлттық өркендеуді қолдау қорының зерттеулері дәстүрлі емес қатынастарды заңдастыру мен насихаттау жас буынның тұрақтылық пен өмірлік бағдарға деген сеніміне нұқсан келтіруі мүмкін екенін көрсеткен.

Осыған байланысты депутаттар тобы құқықтық негізде педофилия мен дәстүрлі емес бағдардағы қатынастарды насихаттайтын ақпаратты таратуға шектеу қоятын түзетулерді ұсынды. Бұл өзгерістер балалар құқықтары, жарнама, байланыс, мәдениет, білім беру, кинематография және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы тоғыз негізгі заңнамалық актіге енгізілді.

Сонымен қатар, құжатта «дәстүрлі емес бағдарды насихаттау» ұғымына нақты анықтама беріліп, мұндай ақпаратты медиа, интернет-платформалар мен телекоммуникациялық желілерде таратуға шектеу қойылады.

Депутаттың атап өткендей, бұл нормалар ЛГБТ өкілдерінің жеке құқықтарын шектеуге бағытталмаған. «Мұнда қандай да бір адамды шеттету немесе оның құқықтарын жою көзделіп отырған жоқ. Бұл нормалар тек қоғамдық кеңістікте таралатын мазмұнға қатысты шектеулерді белгілейді және бұл халықаралық тәжірибеде де кеңінен қолданылады», – деп қорытындылады Бейсенбаев.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына жіберілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль әуе күштері Тегеранда ядролық зерттеу орталығына соққы жасады – ЦАХАЛ

Израиль әскери-әуе күштері сенбі күні Тегеран қаласындағы ядролық зерттеулер мен әзірлемелерге арналған стратегиялық нысанға соққы жасады.

Иран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

Иран америкалық-израильдік әскери операция басталғалы бері Израиль аумағына 400 баллистикалық зымыран ұшырды, олардың 92%-ы атып түсірілген.

Иран Ормуз бұғазын тек өз қарсыластары үшін жапқанын мәлімдеді

Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты толықтай тек елдің қарсыластарына қатысты кемелер үшін ғана шектегенін мәлімдеді.

Саудиялық әскерилер Ираннан ұшырылған зымыран мен бірнеше дронның атып түсірілгенін хабарлады

Сауд Арабиясы әуе қорғаныс күштері жексенбі күні таңертең Иран тарапынан ұшырылған бірнеше дрон мен бір зымыранды жойды, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.