Евразия24Жаңалықтар Тоқаев: Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының жоғары көрсеткіштері екіжақты ынтымақтастықтың серпінді...

 Тоқаев: Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының жоғары көрсеткіштері екіжақты ынтымақтастықтың серпінді дамуын айқын көрсетеді

|

|

АСТАНА. 12 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясын елдің ең ірі экономикалық серіктесі деп атады.

«Ресей – Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық әріптесі. Екі ел арасындағы тауар айналымы 28 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл көрсеткішті 30 млрд долларға жеткізу бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде», – деді Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясында бейнебайланыс арқылы сөйлеген сөзінде.

Президенттің айтуынша, өткен жылы Ресейден Қазақстанға тартылған инвестициялар көлемі рекордтық 4 млрд долларға жеткен. Бүгінде елімізде ресейлік капиталдың қатысуымен 20 мыңнан астам компания жұмыс істейді.

«Мұндай ауқымды көрсеткіштер біздің өзара іс-қимылымыздың жоғары қарқынын айқын дәлелдейді. Бұл жетістіктермен шектеліп қалмай, сауда мен инвестиция көлемін одан әрі арттыра беруіміз қажет деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жануарларға қатыгездік танытқандарға жаза күшейтілді

Қазақстанда жануарларға қиянат жасауға деген көзқарас өзгеріп келеді. Бұрын мұндай әрекеттер көбіне болмашы бұзақылық немесе үй жануары иесінің өз шаруасы ретінде қабылданса, енді ол қоғамға қауіп төндіретін іс ретінде бағаланатын болды.

Еске алу флешмобы ұрпақтар сабақтастығы мен халықтар бірлігін көрсетті

Қасірет пен еске алу күні Орталық Азия халықтары 1941 жылғы 22 маусымда болған алапат оқиғаға қатысты ең маңызды әрі жүрекке жақын сөздерін бірге арнады. Дәл осы күн Еуразия кеңістігіндегі халықтардың тағдырын мәңгілікке «соғысқа дейін» және «соғыстан кейін» деп екі кезеңге бөлді. Флешмобтың ерекше мәні – өлең жолдарын балалардың оқуы.

Кадр дағдарысы: Қазақстанда ондаған мың медицина қызметкері жетіспейді

Осыдан небәрі бір ай бұрын Eurasia24 ресми дереккөздерге сілтеме жасай отырып, елдегі ауқымды медициналық мекемелер желісін дәрігерлермен және мейіргерлермен қамтамасыз ету мәселелері туралы жазған еді. Ол кезде шамамен 4-5 мың медицина қызметкері жетіспейтіні айтылған болатын. Алайда бұл мәліметтер шындыққа толық сәйкес келмегені белгілі болды. Оның үстіне, айырмашылық аз емес, айтарлықтай үлкен болып шықты.

Әл-Фараби даңғылындағы қайғылы жол апатына кінәлі жүргізушіге үкім шықты

Кейбіреулер Александр Пак қатаң жазадан құтылып кетуі мүмкін деп санаған. Алайда соттың шешімі бұл жорамалдардың орынсыз екенін көрсетті.