Евразия24Жаңалықтар12 адамның қазасы: Үкіметтік комиссия құрылды

12 адамның қазасы: Үкіметтік комиссия құрылды

|

|

Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында өртке оранған үйдің фото-видеосын «Жетінші арна» жариялады.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз мәліметі бойынша оқиға болған аумақтың қоршалғанын, фото-видео түсіруге рұқсат берілмегенін айтты. Сөзінше, оқиға орнында облыстың төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті мамандары жұмыс істеп жатыр.

Бүгін таңғы уақытта Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үй өртке оранған. 12 адамның мәйіті табылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Президенттің пәрменімен Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Түркістан облысы бойынша ІІД «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

Өз кезегінде  бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, үйде екі отбасының мүшелері – ата-анасы мен балалары болыпты. Өрттен шатыр опырылған.

Ал аман қалған үш адам қазір медициналық мекемеде жатыр. Үшеуі де жансақтау бөлімінде, ауыр жағдайда.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тайвань Қытай әскерінің қозғалысын жедел анықтайтын жасанды интеллект жүйесіне тапсырыс берді

Тайвань билігі спутниктен түсірілген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдап, Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) күштерінің орналасуындағы өзгерістерді жедел анықтайтын жүйені сатып алуға келісімшарт жасасты. Бұл туралы сенбі күні South China Morning Post басылымы хабарлады.

Тунисте президент саясаты мен экономикалық жағдайға қарсы наразылық шерулері өтіп жатыр

Сенбі күні Тунисте президент Каис Саидтың саясатына қарсы мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты. Бұл туралы Батыс ақпарат құралдары хабарлады.

Трамп әзірге Ресейден энергия ресурстарын сатып алатын елдерге баж салығын енгізбеуге шешім қабылдады

АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.

Осы аптада Ормуз бұғазы маңында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалды

Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.