Евразия24UncategorizedҰлыбритания 2028 жылға қарай ресейлік ураннан бас тартуды жоспарлап отыр

Ұлыбритания 2028 жылға қарай ресейлік ураннан бас тартуды жоспарлап отыр

|

|

Мәскеу. 18 қараша. ИНТЕРФАКС. Ұлыбритания 2028 жылға дейін ресейлік уран импортын толық тоқтатып, оны АҚШ-тан жеткізілетін өніммен алмастыруды көздеп отыр. Бұл туралы сейсенбі күні «Известия» газеті Ресейдің Лондондағы елшілігіне сілтеме жасап хабарлады.

Елшілік өкілдерінің айтуынша, бастапқыда Ұлыбритания үкіметі ресейлік ураннан 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен бас тартуды жоспарлаған. Алайда АҚШ-пен арадағы жақында жасалған «технологиялық өркендеу туралы келісім» нәтижесінде бұл мерзім 2028 жылға ауыстырылған. Ресейлік дипломаттар бұл шешімнің АҚШ-тың Украинада ресейлік ядролық отынды алмастырудағы тәжірибесіне сүйенгенін атап өтті.

Сондай-ақ жарияланымда нақтылай кетілгендей, әңгіме тікелей жеткізілімдер туралы емес, француздық EDF компаниясына тиесілі, бірақ шыққан тегі жағынан ресейлік болып саналатын ядролық отынды сатып алу жөнінде болып отыр.

«Ұлыбританияның Ресеймен сауда жасауға қатысты ұстанымы көбіне экономикалық тиімділікке емес, саяси себептерге негізделеді. Қазіргі таңда елдің көптеген экономикалық қиындықтарының түп-төркіні – Ресейге қарсы көзқарас пен жаңартылатын энергия көздеріне асығыс көшудің салдары. Соның нәтижесінде электр энергиясының құны мұнда АҚШ-пен салыстырғанда 3–4 есе жоғары. Жергілікті билік бұған басты себеп ретінде Ресейді көрсетіп отыр, алайда нақты себеп – көміртек шығарындыларына салынған салық пен қазба отынды пайдалануға қатысты шектеулер. Мұны АЭС отыны мысалынан анық байқауға болады», – деп атап өтті Ресей елшілігінің өкілдері.

Елшілік сондай-ақ Ұлыбритания тек ресейлік уранды сатып алудан бас тартумен шектелмей, оны жаһандық нарықтан ығыстыруды да мақсат етіп отырғанын жеткізді.

«Urenco компаниясының зауытын салу жоспары шағын модульдік реакторларға (ММР) арналған жоғары сапалы төмен байытылған уран өндіру бағдарламасы аясында іске асырылуда. Жоба бойынша зауыт жылына 10 тонна өнім өндіре алады деп жоспарланып отыр. Бұл — елеулі көлем, себебі сол кезеңге қарай, мысалы, АҚШ-тың осындай уранға деген жылдық қажеттілігі 40 тонна болады деп болжануда. Лондон ресми деңгейде бұл жобаның басты мақсаттарының бірі – Ресейдің ядролық отын нарығындағы орнын қысқарту екенін мәлімдеді», – деді ресейлік дипломаттар.

Сонымен қатар олар қазіргі таңда Ұлыбританияда бұл бағытта нақты өндірістік қуаттар да, шағын модульдік реакторлар да жоқ екенін атап өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығына геосаяси ахуал әсер етті

Дүйсенбі күнгі саудада АҚШ қор нарығы индекстерінің қозғалысы әркелкі.

Крикет жұлдыздары түрмедегі Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті

Крикет командаларының бұрынғы капитандары Алистер Кук, Капил Дев, Адам Гилхрист және бірқатар танымал спортшы қамауда отырған Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі әрі экс-крикетші Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті. Олар Пәкістан билігін оның денсаулығын толық әрі тәуелсіз тексеруге шақырды, деп хабарлайды Sky News.

Қытай әуедегі нысандарды алыстан жоюға арналған гипердыбыстық қару әзірледі

Қытай әуе нысандарына қарсы зымырандарды алып жүріп, оларды алыс қашықтықтан ұшыруға мүмкіндік беретін гипердыбыстық маневрлі жауынгерлік блок технологиясын әзірледі. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған Bloomberg хабарлады.

Тоқаев Құрылтай сайлауына байланысты құттықтау жолдаған шетелдік әріптестеріне алғыс айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының өтуіне байланысты құттықтау жолдаған Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Тәжікстан басшыларына алғыс білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.