Евразия24ЖаңалықтарУкраинаға қаржылай көмек көрсету бойынша Еурокомиссия ұсынған нұсқалар ЕО елдерімен талқыланады 

Украинаға қаржылай көмек көрсету бойынша Еурокомиссия ұсынған нұсқалар ЕО елдерімен талқыланады 

|

|

Брюссель. 18 қараша. ИНТЕРФАКС – Еуропалық комиссия (ЕК) президенті Урсула фон дер Ляйеннің 17 қараша күні Еуроодақ елдерінің басшыларына жолдаған хатында баяндалған, 2026–2027 жылдары Украинаға қаржылай көмек көрсетуге қатысты ұсыныстар ЕО-ға мүше мемлекеттермен талқыланады. Бұл туралы ЕК ресми өкілі Паула Пинью Брюссельде өткен брифингте мәлімдеді.
«Еуропалық кеңестің (18–19 желтоқсан – ИФ) қарсаңында талқылаулар жалғасады және бұл мәселе оның күн тәртібіне енгізіледі», – деді ол.
Пиньюдің айтуынша, бұл хат – қазан айындағы Еуропалық кеңестің шешімімен Еурокомиссияға берілген Украинаға көмек көрсету нұсқаларын әзірлеу тапсырмасына жауап ретінде дайындалған.
Ресми өкіл ұсынылған үш нұсқаның мазмұнын нақтыламады. Себебі хат ЕО мемлекет басшыларына арналып жолданған және оның мазмұнына қатысты пікір айтуға әлі ерте екенін айтты. «Диалог жалғасады. Комиссия төрағасы өз ұсынысы аясында Еуропалық кеңеске дейін жұмысын жалғастыра береді», – деп атап өтті Пинью.
Оның айтуынша, бұл қаржы тетіктері бойынша заңнамалық бастама ұсынуға әлі ерте. Қазіргі кезең – әрбір мүше мемлекетпен қарқынды келіссөздер жүргізу арқылы желтоқсан айында пысықталған ұсынысты ұсынуға дайындық сатысы.
«Біз бұл мәселенің өзектілігін жақсы түсінеміз. Уақыт аз. Украина үшін қажетті қаржылық қолдауды қамтамасыз ету мақсатында ЕО Кеңесінің келісімі аса маңызды. Қазір бұл процестің алғашқы кезеңі ғана. Құжат ұсынылды және енді біз консультациялар жүргізіп жатырмыз. Еуропалық кеңестің ЕК-ге жолдаған сұрақтарына осы құжат жауап береді деп үміттенеміз», – деді ЕК өкілі.
ЕК-нің тағы бір өкілі Балаж Уйвари хаттың бірнеше ай бойы жүргізілген жұмыс нәтижесінде дайындалғанын атап өтті.
Оның айтуынша, ұсыныс дайындау барысында мынадай қағидаттар басшылыққа алынған: Украинаға көмек жедел көрсетілуі тиіс; украин борышының тұрақтылығы қамтамасыз етілуі қажет; қазіргі күрделі жағдайда қаржыландыру жеткілікті икемді болуы тиіс және қаржылық жүктеме халықаралық серіктестер арасында әділ бөлінуі тиіс.
Бұған дейін Bloomberg агенттігі хабарлағандай, фон дер Ляйеннің хатында Украинаға қаржылай қолдау көрсетудің үш нұсқасы ұсынылған:
1.2026–2027 жылдары ЕО елдері тарапынан кемінде 90 млрд еуро көлемінде гранттар бөлу;
2.ЕО-ның ортақ қарызы негізінде несие беру;
3.Ресейдің мұздатылған активтерін кепіл ретінде пайдалану арқылы қаржыландыруды қамтамасыз ету.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тайвань Қытай әскерінің қозғалысын жедел анықтайтын жасанды интеллект жүйесіне тапсырыс берді

Тайвань билігі спутниктен түсірілген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдап, Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) күштерінің орналасуындағы өзгерістерді жедел анықтайтын жүйені сатып алуға келісімшарт жасасты. Бұл туралы сенбі күні South China Morning Post басылымы хабарлады.

Тунисте президент саясаты мен экономикалық жағдайға қарсы наразылық шерулері өтіп жатыр

Сенбі күні Тунисте президент Каис Саидтың саясатына қарсы мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты. Бұл туралы Батыс ақпарат құралдары хабарлады.

Трамп әзірге Ресейден энергия ресурстарын сатып алатын елдерге баж салығын енгізбеуге шешім қабылдады

АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.

Осы аптада Ормуз бұғазы маңында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалды

Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.