Евразия24ЖаңалықтарM23 тобы АҚШ-тың үндеуінен кейін Конгоның шығысындағы Увира қаласынан әскерін шығаратынын мәлімдеді

M23 тобы АҚШ-тың үндеуінен кейін Конгоның шығысындағы Увира қаласынан әскерін шығаратынын мәлімдеді

|

|

Брюссель. 16 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – «23 наурыз қозғалысы» (M23) тобы желтоқсан айының басында бақылауына алған Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысындағы Увира қаласынан өз жасағын шығару туралы шешім қабылдады. Бұл шешім АҚШ-тың үндеулеріне жауап ретінде қабылданды, деп хабарлайды батыс ақпарат құралдары.

«Бұл – Дохадағы бейбіт процеске мүмкіндік беру мақсатында біржақты қабылданған шаралар», – деді M23-ті қамтитын «Конго өзені альянсының» көшбасшысы Корнель Нангаа.

БАҚ мәліметінше, M23 тобы АҚШ бастамасымен ұйымдастырылып жатқан КДР мен Руанда арасындағы бейбіт келіссөздерге ресми түрде қатыспайды. Алайда КДР билігі мен M23 арасында Катарда бөлек келіссөздер жүріп жатыр.

4 желтоқсанда КДР президенті Феликс Чисекеди мен Руанда президенті Поль Кагаме АҚШ-та бейбіт келісімге қол қойды. Алайда көп ұзамай өңірде әскери әрекеттер қайта жанданды. 10 желтоқсанда M23 тобы Танганьика көлінің батыс жағалауында, КДР мен Бурунди шекарасына жақын орналасқан Увира қаласын басып алғаны белгілі болды. Кейін M23 тобы Бурунди әскеріне қолдау көрсеткен жүздеген сарбазды тұтқынға алғанын мәлімдеді.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио сенбі күні Руанданың шығыс Конго аумағындағы әрекеттері Вашингтонда жасалған келісімдерді бұзады деп мәлімдеп, жауап шаралар қолданатынын айтты.

Аймақтағы кезекті қақтығыс 2025 жылдың басында M23 тобының шығыста ірі шабуылдар бастауынан кейін өршіді. Қаңтар айының соңында олар Солтүстік Киву провинциясының астанасы Гомуны, ақпанда Оңтүстік Киву провинциясының орталығы Букавуды басып алды. БҰҰ деректеріне сәйкес, бұл уақытта шамамен 4 мың руандалық сарбаз M23 жағына шығып, қолдау көрсетті. Ақпан айында майдан шебі тұрақтанды.

2012 жылдан бері әрекет етіп келе жатқан M23 тобы Руанда президенті Кагамеге туыстас тутси этникалық азшылығын қолдайды. 1994 жылы Кагаме бастаған Руанданың патриоттық майданы хуту тайпасы тарапынан тутси халқына қарсы жасалған геноцидті тоқтатқан. Ол геноцид кезінде 800 мыңнан 1 миллионға дейін адам қаза тапқаны айтылады.

КДР билігі Руанданы өз бақылауындағы топтар арқылы елдің бай ресурстарын, соның ішінде электроника өндірісінде пайдаланылатын колтан минералын заңсыз игеруге әрекеттеніп отыр деп айыптап келеді. Бұл сирек кездесетін пайдалы қазбаның 80%-ы Африкада, әсіресе КДР-дің шығыс бөлігінде шоғырланған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Бектенов «Қазцинк» зауытындағы өртке қатысты істі жеке бақылауына алды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы (Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы) «Қазцинк» зауытында болған өртке қатысты істі жеке бақылауына алды.

Роман Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

Роман Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады сейсенбі күні Президенттің баспасөз қызметі.

ЕЭК Алқасы ЕАЭО аясында жасанды интеллектіні жауапты дамыту туралы бірлескен мәлімдеме дайындауды аяқтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сейсенбі күні Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстан Үкіметі жылыту маусымына дайындыққа резервтен 25 млрд теңге бөледі

Қазақстан Үкіметі жеті өңірдегі жылу және электрмен жабдықтау нысандарын жылыту маусымына дайындау үшін резервтен 25,4 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.