Евразия24Арғы бетте«Геосаяси шахмат» Трамптың көзқарасы мен Кульпаның сыны

«Геосаяси шахмат» Трамптың көзқарасы мен Кульпаның сыны

|

|

«Гиперборейдың»  кезекті сұхбатында: «Трамп үшін соғыс пен соғысты тоқтату тек бір сылтау ғана – Ресейді оқшауланған ел мәртебесінен шығарып, оны келіссөз жүргізуші тарап ретінде қайта таныту амалы. Мен мұны жаһандық полицей мен жаһандық қылмыскердің одағын құру әрекеті ретінде қарастырдым. Трамп Ресейді пайдалана отырып, Еуропаның үрейін бақылауға алғысы келеді», – делінген.

Евразия24:

«Гиперборей» бағдарламасының кезекті шығарылымында жүргізуші Вадим Борейконың қонағы Польша Республикасының бұрынғы еңбек министрі Пьотр Кульпа болды. Ол Алматыға сапары аясында «ынтымақтастық жүйесін құру жөнінде консультациялар жүргізгенін» атап өтті.

Бағдарлама барысында Кульпа қазіргі әлемдік ахуал мен геосаяси өзгерістерге тоқталып, АҚШ-тың саясатымен келіспейтінін ашық айтты. Бұған дейін Еуроодақтағы Вашингтонның ең жақын одақтасы болған Польша енді АҚШ-тың ұстанымдарына қарсы пікір білдіруде. Кульпаның айтуынша, Дональд Трамп халықаралық саясатты түсінбейді және тек Truth Social әлеуметтік желісінде отырғанын сынай отырып, АҚШ-тың қазіргі бағытын дұрыс емес деп бағалады.

Бағдарламада жүргізуші Борейко «екі державаның – Ресей мен Қытайдың – арасында орналасқан орта мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстанның болашағы қандай?» деген сұрақ қойды. Осы орайда Кульпа Батысқа, атап айтқанда Еуропа мен АҚШ-қа тәуелділік жайлы ештеңе айтылмағанын байқауға болады – бағдарламада Қазақстан тек Ресей мен Қытай әсеріндегі ел ретінде сипатталды.

Кульпа өз жауабында Украинадағы соғыстың Ресейдің ыдырауына алып келетініне сенім білдіріп, болашақта Еуразияда жаңа қауіпсіздік құрылымының қалыптасатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл құрылым «Скандинав елдері, Балтық жағалауы, Польша, Украина және Түркиядан басталып, Түркия арқылы Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қазақстан және одан әрі Тынық мұхитына дейін созылатын вертикаль болады». Ол Қазақстанды «қос геосаяси тұзақтағы» шағын мемлекет ретінде сипаттай келе, болашақта оның осы жаңа құрылымның маңызды бөлігіне айналуы мүмкін екенін айтты.

Бағдарлама соңында Кульпа Ресей мен Батыс арасындағы қарсыластықта Трамптың ұстанымын сынға алып, «Трамп үшін соғысты тоқтату тек Ресейді оқшауланудан шығарып, оны келіссөз үстеліне қайта тарту үшін қажет сылтау ғана» екенін атап өтті. «Бұл – жаһандық полицей мен жаһандық бандиттің одағы тәрізді. Трамп Еуропаны қорқынышпен басқару үшін Ресеймен әріптестік орнатқысы келеді», – деді Кульпа.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.