Евразия24Таңдаулы жаңалықтарАзық-түлік бағасының күрт өсуі: Ұлттық банктің ескертуі

Азық-түлік бағасының күрт өсуі: Ұлттық банктің ескертуі

|

|

«Tengenomika» сараптамалық порталы хабарлауынша, 2025 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жылдық есеппен 9,4 пайызға өсті. Бұған дейін, 1 шілдеде бұл көрсеткіш 9,3 пайыз болған. Жыл басынан бері бағалар 7,7 пайызға артқан. Баға өсімі ең алдымен көкөніс өнімдерінде байқалады. Атап айтқанда, пияздың бағасы 71,9 пайызға, сәбіз – 69,6 пайызға, картоп – 46,1 пайызға, ал қырыққабат – 28,3 пайызға қымбаттаған.

Жылдық көрсеткіш бойынша ең жоғары өсім пиязға тиесілі – былтырғы шілдемен салыстырғанда 85,7 пайызға артқан. Қырыққабат бағасы да бір жылда 68,9 пайызға өскен. Әлеуметтік маңызы бар, әсіресе маусымдық ауытқуы жоғары көкөніс өнімдерінің қымбаттауы – азық-түлік жүйесінің негізгі тізбектерінде, атап айтқанда өндіру, сақтау, логистика мен өңіраралық үйлестіру салаларында тұрақсыздық бар екенін аңғартады. Пияз бен қырыққабат секілді күнделікті тұтынатын өнімдердің күрт қымбаттауы қазіргі баға тұрақтандыру құралдарының тиімділігі шектеулі екенін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, бұл үрдіс маусымдық факторларға тәуелділіктің жоғары деңгейде сақталып отырғанын да дәлелдейді.

Евразия24 пікірі:

Қазақстан Ұлттық банкі шілде айына арналған инфляциялық күтулерге қатысты кезекті айлық сауалнама нәтижелерін жариялады. Респонденттердің 97,6 пайызы соңғы айда ең қатты байқалған қымбатшылық — азық-түлік бағасының өсуі екенін атап өткен. Сауалнамаға қатысқандардың 50 пайыздан астамы соңғы 12 ай ішінде тауарлар мен қызметтердің бағасы бұрынғыға қарағанда жылдамырақ өскенін айтқан. Ал 52,8 пайызы алдағы бір жылда да осы үрдіс жалғасады деп есептейді.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, тұрғындар ет, жеміс-жидек, көкөніс және тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің бағасының күрт өскенін ерекше атап өткен. Коммуналдық қызметтер тарифінің көтерілуі «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасымен байланысты болса, азық-түлік нарығындағы тұрақсыздық — үкімет уәде еткен жеңілдіктер мен субсидияларға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасына бақылаудың бар екендігіне қарамастан — сұрақ туындатып отыр.

Ұлттық статистика бюросының (БНС) мәліметі бойынша, маусым айындағы жылдық инфляция деңгейі 11,8 пайызды құраған. Оның негізгі бөлігін азық-түлік пен алкогольсіз сусындар (4,2 пайыздық пункт), тұрғын үй-коммуналдық қызметтер (1,8 п.п.) және денсаулық сақтау саласы (1,5 п.п.) қамтамасыз еткен.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.