Дәурен Уәлиев

Материалы

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Орыс мәселесі

Шалғай батыста көшпенділердің жерлері көптеген орыс княздіктерінің аумақтарымен шекаралас болғандықтан, Мәңгі Ел Үкіметі оларды болашақта қой жүнін де, Қытай мен Үндістаннан әкелінген көпшілік тұтынатын тауарларды да сататын нарық алаңы ретінде қарастыра бастады. Өкінішке орай, 13-ғасырдың басындағы орыс жерлері өзара әскери қақтығыстардан көз ашпады. Көпшілігінің қандас туыстығына қарамастан, басшы-князьдар жерге таласып немесе руаралық жанжалдар мен тойымсыз ашкөздіктен дәйім бір-бірімен соғысып жататын. Соның кесірінен орыс князьдіктерімен Үлкен сауда ұйымдастыру екіталай еді.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Екінші мыңжылдық тұлғасына қарсы

Қазіргі Моңғолиядағылар Шыңғысхан деп атайтын Жеңіс Ханның қабірін әлемнің әр түкпірінен жиналған археологтар қанша жылдан бері іздеп әлек, бірақ, олар өз уақыты мен салық төлеушілердің ақшасын текке ысырап етіп жүр! Ол қабір енді жоқ, із-түссіз құрыған, қалай іздесең де, табылмайды! Еуропалық, американдық, жапондық ғалымдардың басына «Мүмкін ол Моңғолияда жерленбеген шығар» деген арам ой келетіні де бар. Конфуций айтқандай: «Қараңғы бөлмеде сұр мысықты іздеген қиын, ол онда жоқ болса, тіптен, бекер!». 

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау

Отырар уәлаятының басынан өткен қайғылы оқиға, Федерацияның орайын келтіріп, оны оп-оңай өзіне қосып алуы Хорезмнің басқа да уәлаяттарының билеушілеріне сабақ болып, ақылға келмесе, оларды не күтетінін айқын көрсетті. Жеңіс Ханның бұйрығымен оның немересі Бату Хан Жебе Ноян мен Сыпатай Батыр бастаған екі түмен әскермен 1219-1221-жылдары шеру тартып, Хорезм хандығының қалаларын аралады.  Әр қалаға келгенде, оның Билеушісіне бітімгерлер жіберіліп, өз еркімен Федерация құрамына кіру туралы келісімге қол қою ұсынылды.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм ілгерілеуге қарсы

Жеңіс Хан соғысқанды жек көретін, көршілерімен, тіптен, жауласқысы келмейтін. Ол көрші халықтармен тату тұруды ойлаған. Өйткені, жауласып, бір көршісін өлтірсе – Мәңгі Елдің экономикасы бір сатып алушыдан мәңгіге айырылады, оның сыртында өлген адамның жүздеген туыстары да қанішерлерден тауар сатып алмауға серт береді! Бастапқыда Хорезм Шахымен жұмсақ, яғни, бейбіт дипломатиялық келіссөздер жүргізу жоспары құрылып, соған сәйкес, оған өзара тиімді сауда-саттық жасасу мақсатында Біртұтас Экономикалық Кеңістік пен Кеден Одағына кіруге ұсыныс жасалды. 

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы

Құрамы ұлғайған Парламентте де жағымсыз процестер орын алып, өзара жанжалдасқан елдердің өкілдері жеке-жеке фракцияларға біріге бастады, рулық топтар бір-бірімен тартысты, Федерация мүдделерді аяқ асты етіліп, жергілікті мүдделер күйттелді. Өз экономикаларын дамытудан әрі аса алмаған субъект-елдер Парламентке түк пайдасы жоқ, Үкіметтен өздеріне бірдеңе сұрап алғанды ғана білетін сандалбай-ақсақалдарды делегат етіп жіберді. Әр Мәжілісте Жеңіс не экономикадан, не саясаттан еш хабары жоқ өзімшіл, көпірме мылжыңдар тобырына өз идеяларының дұрыстығы мен іс-әрекеттерін жүзеге асыру жолдарын түсіндіріп әлек болды.

Еще от автора

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ РУСЬТІ КҮЙРЕТУІ

Қазақтардың Жаппай Қоныс аударуы қызған шақта, яки, 1235-жылы өткен Мәңгі Ел Құрылтайында Еуропаны бағындыру мақсатындағы әйгілі Батыс Жорығы туралы шешім қабылданды. Көркем әдебиетте бұл туралы: Жеңіс Хан көзі тірісінде «соңғы теңізге жорыққа шығуды» армандаған, қайтыс болған соң, ұрпақтары оның сол арманын орындағысы келіп, әлгі жорыққа аттанған... дегендей мәнде жазылады, сол орайда небір романтикалық ертегілер де шығарылады.

Бешпармақ. Инженер толғанысы.ТАРТАРИЯ, ТАТАРЛАР ЖӘНЕ ГАМБУРГЕР

«Татар-моңғол езгісі» терминіндегі «моңғол» ұғымының анығына жеткендіктен, бірден «татарлар» ұғымын да қарастыруымыз қажет. Бұнда да небір қызықтарды ұшыратамыз.баршамызға белгілі, 5-ші ғасырда құл иеленуші Рим Империясы Еділ патша (Аттила) бастаған ғұндардың сұрапыл шапқыншылығынан күйреді. Сөйтіп, Еуропада анағұрлым озық феодалдық құрылысқа негізделген, кейін заманауи еуропалық елдерге үлгі болған көптеген қоғамдар пайда болды.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ

Бразил-ия немесе Итал-ия деген сияқты, орыстар бұрмалап, «Монғол-ия» деп атап кеткен Мәңгі Елдегі қазақ руларының ескі жұртына (яғни, босап қаған жерлерге) біртіндеп тегі мен тілдік тобы жағынан тұңғыстар мен буряттарға жақын оңтүстік Сібірдің шағын халха, чахар және ойрат тайпалары қоныстанды. Әлемнің әр түкпірінен ұлан-ғайыр Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықтарына көшіп барған жүздеген ұлт өкілдерін «америкалықтар» деп атайтынымыз сияқты, олар да тұрғылықты жер атауы бойынша «моңғолдар» деген жаңа есімді еншіледі. 

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қалқадағы шайқас. Жазалау операциясы

Сыртқы Барлау тыңшылары қайғылы жағдайды дереу Орталыққа хабарлады. Сөйтіп, бүкіл Мәңгі Ел Әскері Елшілік дипломаттарының залымдықпен өлтірілгенін естіп білді. Айбарлы командирлер мен тәжірибелі жауынгерлер Русьті бейбітшілікке мәжбүрлеу Операциясына сұранып, Әскердің Бас Штабы Ортаға ұжымдық өтініштер жолдады. Олар енді оны Жазалау Операциясы деп атады!