Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі ірі елдердің қор нарықтары бейсенбі күні оң динамика көрсетті. Инвесторлар жаңа макроэкономикалық деректерді бағалап, Жапония мен Оңтүстік Кореяның жартылай өткізгіштер өндіретін компанияларының акцияларын белсенді сатып алуда.
Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шариф Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен телефон арқылы сөйлесу барысында хуситтердің саудиялық мұнай танкерлеріне жасаған шабуылдарын қатаң айыптады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен келіссөздерді жалғастырудың әзірге мәні жоқ деп есептейді, өйткені Иран келісім жасауға дайын емес. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді.
Қазақстан Үкіметі қолданыстағы KazSat-3 ғарыш аппаратын алмастыратын KazSat-3R байланыс спутнигін жасауға Үкімет резервінен 10,4 млрд теңге бөлді. Бұл туралы Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еуропалық одаққа мүше елдердің тұрақты өкілдері Ресей мұнайына қолданылып жүрген баға шегінің қолданысын тағы 12 айға ұзарту жөнінде келісімге келді. Бұл туралы бейсенбі күні Bloomberg агенттігі хабарлады.
Әзербайжан бейбітшілік пен қауіпсіздік, даму, климаттық тұрақтылық және гуманитарлық қызмет салаларында мүше мемлекеттер үшін нақты нәтиже беруге қабілетті, тиімділігі жоғары Біріккен Ұлттар Ұйымын қолдайды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Йемен Президенттік басшылық кеңесі төрағасының орынбасары Абдалла Бавазирмен кездесіп, елдегі жағдайды талқылады.
Ару Алматы – тек Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы ғана емес, әр дәуірдің өзіндік қолтаңбасы сақталған бірегей сәулет кеңістігі. Қаланың сәулеттік келбеті Тянь-Шань тауларының бөктерімен үйлесім тауып, өткен ғасырлар мен қазіргі заманның сәулет үлгілерін тоғыстырған.
Бүгінде Алматының қарқынды дамуы шаһардың сәулеттік және қала құрылысы келбетіне жаңа талаптар қойып отыр. Қала аумағында жаңа нысандардың пайда болуы – тек жекелеген ғимарат салу мәселесі ғана емес, сонымен бірге тұтас аумақтың болашақ дамуын ескеретін кешенді үдеріс.
Осы орайда Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының негізгі міндеттерінің бірі – жаңа құрылыс нысандарының оқшауланған түрде емес, бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сай, нақты аумақтың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жобалануын қамтамасыз етіп отырғанын Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлімсейтов мәлімдеді.