Алдыңғы сауда сессиясының қорытындысы бойынша АҚШ қор нарығындағы өсім аясында сейсенбі күні таңертең Азия–Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері жоғарылады.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жекеменшік медициналық ұйымның құрылтайшысы мен Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы филиалының бұрынғы маманына қатысты үкім шығарды. Ер адамдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
ЕАЭО-ға мүше “бестік” елдерінде электрондық сауда саласында кешенді құқықтық ортаны қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, ЕЭК Кеңесі ЕАЭО шеңберінде тауарлардың электрондық саудасы туралы келісім...
Апта қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының орташа өсім индексі нөл деңгейінде сақталды. Жекелеген өнімдер бойынша бағаның төмендеуі байқалды: алма – 2,1%-ға, қияр мен пияз – 1,3%-ға, шай – 0,9%-ға, балық пен тауық еті – 0,6%-ға арзандады, сондай-ақ басқа да азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді.
Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.