Украина СІМ-нің ресми өкілі Георгий Тихий Новороссийскідегі Қазақстан мұнайын тасымалдайтын нысанға жасалған шабуылға байланысты Қазақстан СІМ-нің наразылығына жауап берді. Украина Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына қатысты Қазақстанның алаңдап отырғанын назарға алды.
Польша Республикасының Қазақстан мен Украинадағы бұрынғы елшісі Яцек Ключковски Қазақстан билігіне орыс тілінің ықпалын азайтып, негізгі салаларда орыс тілді мамандардың қатысуын шектеу қажеттігін мәлімдеді. Ulysmedia хабарлауынша, қазіргі таңда «орыс тілі тіпті парламент жұмысына да басымдықпен енген».
«Дитва» тропикалық циклонының салдарынан Индонезия, Таиланд, Малайзия және Шри-Ланкада орын алған су тасқындары бір апта ішінде мыңнан астам адамның өмірін қиды.
Әлемдегі ең ірі қару-жарақ өндіруші компаниялар мен әскери қызмет көрсетушілердің жалпы кірісі 2024 жылы 5,9%-ға артып, рекордтық 679 млрд долларға жетті.
Нидерланд үкіметі Украинаға қару-жарақ сатып алу үшін PURL (Prioritized Ukraine Requirements List) бастамасы аясында 250 миллион еуро көлемінде қосымша көмек көрсетуді жоспарлап отыр.
Banpu тай энергетикалық компаниясы АҚШ-тағы қатысуын кеңейту үшін кемінде $1,5 млрд инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл шешім деректерді өңдеу орталықтары тарапынан электр энергиясына сұраныстың артуымен байланысты.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер кодексіне келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу процесін толықтай цифрлық форматқа — электронды конкурстарға көшіруді қарастыратын түзетулер енгізуді ұсынып отыр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы және Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көпжақты агенттік арасындағы әріптестік жөніндегі негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а) және 56-баптарына өзгерістер енгізуге қатысты хаттамаларды ратификациялау туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.