Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Иргалиевті қоса атқаратын қызметпен Мемлекет басшысының кеңесшісі етіп тағайындады.
Дүйсенбі күні Еуропалық одақтың «Ресми журналында» REPowerEU жоспары аясында одақтың Ресейден газ импортын толық тоқтатуды көздейтін регламент жарияланды. Құжат 3 ақпанда күшіне енеді.
Соңғы 30 сауда сессиясы ішінде алтын бағасының құбылмалылығы биткойнның құбылмалылығынан жоғары болды. Бұл – әдеттен тыс жағдай, өйткені қымбат металл дәстүрлі түрде неғұрлым тұрақты актив саналады, деп жазады Bloomberg.
Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён сейсенбі күні елдің Солтүстік теңіз жолын жүк тасымалы үшін кеңінен пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді. Алайда бұл бағыттағы жұмыстар халықаралық санкцияларды қатаң сақтай отырып жүргізіледі.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ арқылы Сауд Арабиясына хуситтерге қарсы әскери операцияларға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізген. Алайда корольдіктің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бұл ұсынысты қабылдамаған. Бұл туралы «Гаарец» басылымы дипломатиялық дереккөзге сүйеніп хабарлады.
Үндістанның IndiGo жеке бюджеттік әуе компаниясы өңірдегі ахуалдың шиеленісуіне байланысты 17 қазанға дейін Эр-Рияд, Жидда, Медина және Даммам қалаларына рейс орындамау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Hindustan Times басылымы хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.