Евразия24ЖаңалықтарОңтүстік Корея халықаралық санкцияларды сақтай отырып, Солтүстік теңіз жолы арқылы кеме қатынасын...

Оңтүстік Корея халықаралық санкцияларды сақтай отырып, Солтүстік теңіз жолы арқылы кеме қатынасын дамытпақ

|

|

Гонконг. 13 қазан. ИНТЕРФАКС – Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён сейсенбі күні елдің Солтүстік теңіз жолын жүк тасымалы үшін кеңінен пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді. Алайда бұл бағыттағы жұмыстар халықаралық санкцияларды қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

«Оңтүстік Корея халықаралық қауымдастықтың сенімін сақтай отырып, Солтүстік Мұзды мұхит арқылы жаңа теңіз жолын игеруге кіріседі. Біз санкцияларға қатысты халықаралық нормалар мен қағидаларды толық ұстанамыз. Сонымен қатар негізгі серіктес елдермен тығыз байланыс орнатып, олардың алаңдаушылықтарын ескеріп, жауапты шешімдер қабылдаймыз», – деді Ли Чжэ Мён.

«Рёнхап» агенттігінің хабарлауынша, президент бұл мәлімдемені Солтүстік теңіз жолы арқылы Еуропаға сапар шегіп, елге сәтті оралған PanStar Acro контейнер тасымалдаушы кемесін қарсы алу рәсімінде жасаған.

Бұл – Оңтүстік Кореяның контейнер тасымалдайтын кемелері үшін аталған бағыттағы алғашқы сапар. PanStar Acro қыркүйекте Пусан портынан шығып, Нидерланд пен Польша порттарына аялдағаннан кейін Ұлыбританияға жеткен. Сапар 50 күнге созылып, кеме өткен жексенбіде Пусанға оралды.

Ли Чжэ Мённың айтуынша, PanStar Acro кемесінің бұл сапары Оңтүстік Кореяның Солтүстік теңіз жолын игеруіне жол ашты. Президент жаңа бағытты бір ғана мемлекеттің мүддесіне емес, баршаға ортақ экономикалық өркендеуге қызмет ететін көлік дәлізіне айналдыруға күш салатынын жеткізді.

Оның сөзінше, Пусан Солтүстік теңіз жолымен байланысқан ірі көлік торабына айналады. Бұл мүмкіндіктің игілігін тек Пусан порты ғана емес, елдің бүкіл кеме жасау өнеркәсібі, сондай-ақ оған жақын орналасқан Ульсан қаласы мен Оңтүстік Кёнсан провинциясы да көрмек.

Солтүстік теңіз жолы – Еуразияның батыс бөлігі мен Азия-Тынық мұхиты өңірін жалғайтын ең қысқа теңіз бағыты. Оның ұзындығы шамамен 5,6 мың шақырым.

«Рёнхап» агенттігі Арктикадағы мұздықтардың еруі өңір арқылы өтетін жаңа теңіз бағыттарын ашуға мүмкіндік беретінін атап көрсетеді. Бұған қоса, Таяу Шығыстағы қақтығыс халықаралық кеме қатынасына кедергі келтіріп, балама көлік дәліздеріне деген қызығушылықты арттырған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль Сауд Арабиясына хуситтерге қарсы әскери операцияға қатысуды ұсынған, алайда тақ мұрагері келіспеген

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ арқылы Сауд Арабиясына хуситтерге қарсы әскери операцияларға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізген. Алайда корольдіктің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бұл ұсынысты қабылдамаған. Бұл туралы «Гаарец» басылымы дипломатиялық дереккөзге сүйеніп хабарлады.

IndiGo әуе компаниясы 17 қазанға дейін Эр-Рияд, Жидда және Мединаға ұшатын рейстерін тоқтатты

Үндістанның IndiGo жеке бюджеттік әуе компаниясы өңірдегі ахуалдың шиеленісуіне байланысты 17 қазанға дейін Эр-Рияд, Жидда, Медина және Даммам қалаларына рейс орындамау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Hindustan Times басылымы хабарлады.

Қазақстан киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі Будапешт конвенциясын ратификациялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Квебектегі сайлауда жеңіске жеткен сепаратистер провинцияның дербестігін барынша кеңейтуге ұмтылады – РҒА сарапшысы

Канаданың Квебек провинциясында өткен сайлауда жеңіске жеткен Квебек партиясы елден тәуелсіздік алу идеясынан бас тартпайды. Алайда іс жүзінде Канададан бөлініп шығу үдерісін жеделдетуге асықпайды.