Қазақстан Парламенті Мәжілісі бейсенбі күнгі пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының бірден 16%-ға өсуі, бір жағынан, экономика үшін оң көрсеткіш болса, екінші жағынан, өзара сауда-саттықтың әлі де негізінен шикізатқа тәуелді екенін айқындайды.
Әлемдік саясаттағы тұрақсыздық күшейіп отырған жағдайда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы рөлі мен оның жаһандық үдерістерге ықпалына қатысты ұстанымы стратегиялық тұрғыдан алғанда көреген саясат ретінде бағаланады.
Қазақстанның Иммиграция индексіндегі 82 елдің ішінде 53-орынды иеленуі — елдің тізімнің төменгі бөлігіне жақындағанын көрсетеді. Мұндай халықаралық рейтингтерді статистикалық мәліметтерді бұрмалау арқылы жақсартып көрсету мүмкін емес.
Ұлыбританияның энергетикалық нарықты реттеуші органы Ofgem Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс салдарынан көтерме нарықтағы бағаның өсуіне байланысты халық үшін электр энергиясы мен газ төлемінің шекті мөлшерін 13%-ға арттыратынын хабарлады.
SpaceX компаниясының Crew-12 экипажы мінген көп мәрте пайдаланылатын Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) 7 қазаннан ерте ұшып кетпейді, деп хабарлады NASA.
Ақ үй жасанды интеллектіге (ЖИ) байланысты тәуекелдерді талдап, оның мүмкіндіктерін бағалайтын, сондай-ақ бұл технологияны реттеудегі федералдық үкіметтің рөліне қатысты ұсыныстар әзірлейтін жұмыс тобын құрды, деп хабарлайды The Wall Street Journal.
АҚШ Иранмен қақтығысты негізсіз созуға ниетті емес. Бұл туралы АҚШ соғыс министрі Пит Хегсет Колорадо-Спрингс қаласының әуежайында журналистерге мәлімдеді.
Сеул жеткізген FA-50 Golden Eagle жойғыш ұшақтары Польшаның шығыс шекарасын күзетуге тартылды. Бұл туралы Польша премьер-министрінің орынбасары, Қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш мәлімдеді.