Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қарап, қабылдады.
Алматыда БҰҰ-ның Халық қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) Орталық Азия хабы ашылады. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЮНФПА-ның атқарушы директоры Диене Кейта Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ермек Көшербаевпен кездесу барысында мәлімдеді.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Парсы шығанағындағы қақтығыс пен есеп айырысу мәселелерінің сақталуына байланысты 2026 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы баяулайды деп күтетінін мәлімдеді.
Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, Қазақстан тұрақты экономикалық өсімді сақтап отыр. Өсімнің негізгі драйверлері өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және сауда салалары болып отыр.
Кремль сейсенбі күні Францияның ядролық оқтұмсықсыз M51.3 баллистикалық зымыранын ұшыруын Франция президенті Эмманюэль Макрон айтқандай «айқын әрі анық белгі» деп қабылдады. Алайда кез келген мәселені күш көрсету мақсатындағы зымыран ұшыру арқылы емес, келіссөз жолымен шешкен дұрыс деп санайды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының шектелуі Ирак экспортына кері әсер етіп, ел экономикасына қысым түсірді. Осыған байланысты Ирак билігі ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамын 13%-ға төмендетті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі лорд Анас Сарварды қабылдап, экономика мен білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырыста екі оқылымда қарап, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданылуын қайта бастау және оған өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады.