Мамыр айында Астана әлемдік киберспорт қауымдастығының назарын өзіне аударады. Бұл – отандық киберспортшылардың жетістігі мен еліміздің ірі халықаралық турнирлерді жоғары деңгейде ұйымдастыра алатынын көрсететін маңызды оқиға.
Сирия президенті Ахмед аш-Шараа ел басшылығында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады. Атап айтқанда, ол өзінің бауыры Махер аш-Шарааны президент әкімшілігінің жетекшісі қызметінен босатты.
Ереванда өткен «Армения – Еуроодақ» саммиті қалыпты құбылыс, Армения мұндай іс-шараларды өткізуге құқылы. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Кремль сейсенбі күні Францияның ядролық оқтұмсықсыз M51.3 баллистикалық зымыранын ұшыруын Франция президенті Эмманюэль Макрон айтқандай «айқын әрі анық белгі» деп қабылдады. Алайда кез келген мәселені күш көрсету мақсатындағы зымыран ұшыру арқылы емес, келіссөз жолымен шешкен дұрыс деп санайды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының шектелуі Ирак экспортына кері әсер етіп, ел экономикасына қысым түсірді. Осыған байланысты Ирак билігі ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамын 13%-ға төмендетті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі лорд Анас Сарварды қабылдап, экономика мен білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырыста екі оқылымда қарап, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданылуын қайта бастау және оған өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады.