Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарКиберспорт – экономиканың жаңа қозғаушы күші

Киберспорт – экономиканың жаңа қозғаушы күші

|

|

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі хабарлайды: «2026 жылғы 15–17 мамыр аралығында Астанадағы Barys Arena кешенінде Counter-Strike 2 дисциплинасы бойынша халықаралық PGL Astana 2026 турнирі өтеді. Қазақстан астанасы қатарынан екінші жыл әлемдік киберспорт индустриясындағы ең ірі жарыстардың бірін қабылдайтын алаңға айналып отыр. Турнирді әлемдік киберспорт жарыстарын ұйымдастырушы жетекші операторлардың бірі — PGL Esports SRL өткізеді. Компания бұған дейін Стокгольм, Антверпен, Бухарест және Сингапур қалаларында халықаралық турнирлер ұйымдастырған. PGL Astana 2026 турнирінің өткізілуі Астананың халықаралық киберспорт картасындағы позициясының нығайып келе жатқанын көрсетеді. 2026 жылғы жарыстың жүлде қоры 1,6 миллион АҚШ долларын құрайды. Турнирге әлемнің үздік 16 командасы қатысады. Олардың қатарында Team Spirit, G2 Esports, FURIA Esports және Heroicбар. Сонымен қатар турнир аясында халықаралық киберспорт және медиа өкілдерінің қатысуы жоспарланған. Олардың қатарында Counter-Strike бойынша әлем чемпионы Дәурен Қыстаубаев, FURIA Esports ойыншысы Даниил Голубенко, стример Слава Бустер, PGL турнирлерінің жүргізушісі James Banks, сондай-ақ Counter-Strike бойынша әлем чемпионы Габриель Толедо бар. Турнирдің медиа әсерінен бөлек, туризм мен қала экономикасына да ықпалы байқалады. 2025 жылы өткен іс-шараға шамамен 20 мың көрермен қатысып, қонақүйлердің, қоғамдық тамақтану орындарының және қалалық инфрақұрылым нысандарының жүктемесін арттырған. Жалпы экономикалық тиімділік көлемі шамамен 11,6 миллион АҚШ долларын құрады».

Еуразия24 пікірі:

Қазақстан бүгінде киберспорт кеңістігінде өз бағытын айқындап отырған елдердің қатарына қосылып келеді. Мамыр айында Астана әлемдік киберспорт қауымдастығының назарын өзіне аударады. Бұл – отандық киберспортшылардың жетістігі мен еліміздің ірі халықаралық турнирлерді жоғары деңгейде ұйымдастыра алатынын көрсететін маңызды оқиға. PGL Astana 2026 турнирінің басты назарындағы тұлғалардың бірі — әлемдік киберспорт сахнасында molodoy лақап атымен танымал қазақстандық ойыншы Данил Голубенко. Семей қаласының тумасы соңғы жылдары халықаралық аренадағы ең жарқын жас ойыншылардың біріне айналды. 2026 жылдың басында ол әлемдік киберспорт қауымдастығында «Жыл жаңалығы» атағына ие болды. Қазіргі таңда Данил Бразилияның жетекші киберспорт клубтарының бірі — FURIA Esports құрамында мерген позициясында өнер көрсетеді. Бұл — қазақстандық ойыншының шетелдік клуб сапында жай ғана өнер көрсетіп қоймай, әлемдегі ең танымал әрі мықты командалардың біріндегі негізгі ойыншылардың біріне айналған сирек жағдайлардың бірі. 2025 жылы Астанада өткен турнирде FURIA Esports Данилмен бірге жартылай финалға дейін жеткен болатын. Биыл жанкүйерлер Barys Arena трибуналарында оның командасын гранд-финалдан көруге үмітті. Сонымен қатар ұйымдастырушылардың турнир алаңы ретінде Barys Arena кешенін таңдауы да маңызды көрсеткіш саналады. Бұл Қазақстандағы спорттық инфрақұрылымның техникалық мүмкіндіктері халықаралық деңгейдегі ең қатаң талаптарға толық сәйкес келетінін аңғартады. Себебі PGL Esports SRL әлемдегі ең ірі Counter-Strike Major турнирлерін өткізетін жетекші операторлардың бірі болып есептеледі. Тағы бір маңызды үрдіс — Халықаралық Олимпиада комитеті киберспортқа арналған жеке Олимпиадалық ойындарды құру мәселесін белсенді түрде талқылап жатыр. Дәстүрлі Олимпиада бағдарламасына шутер жанрындағы ойындардың енуі екіталай болғанымен, Олимпиадалық қозғалыс аясында бөлек киберспорт ойындарының пайда болуы жақын болашақтың мәселесіне айналып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израильде ХАМАС шабуылының үш жылдығына байланысты аза тұту шаралары өтіп жатыр

Израиль қалаларында 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС жасаған шабуылдың үш жылдығына орай аза тұту рәсімдері өтіп жатыр, деп хабарлады сәрсенбі күні The Times of Israel.

Кремль Париждің зымыран сынағына жауап берді

Кремль сейсенбі күні Францияның ядролық оқтұмсықсыз M51.3 баллистикалық зымыранын ұшыруын Франция президенті Эмманюэль Макрон айтқандай «айқын әрі анық белгі» деп қабылдады. Алайда кез келген мәселені күш көрсету мақсатындағы зымыран ұшыру арқылы емес, келіссөз жолымен шешкен дұрыс деп санайды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Ирак мұнай экспортының қысқаруына байланысты динар бағамын долларға шаққанда 13%-ға төмендетті

Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының шектелуі Ирак экспортына кері әсер етіп, ел экономикасына қысым түсірді. Осыған байланысты Ирак билігі ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамын 13%-ға төмендетті.

Қазақстан мен Ұлыбритания білім, энергетика, логистика және ЖИ салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі лорд Анас Сарварды қабылдап, экономика мен білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.