Қазан айында америкалық долларға қатысты ең көп нығайған валюталардың қатарында қазақстандық теңге мен ресейлік рубль болды. Қыркүйек айының соңынан бері теңге долларға қатысты 3,6 пайызға нығайған. Осылайша ол ең көп күшейген үш валютаның біріне айналды. Осылайша ол ең көп күшейген үш валютаның біріне айналды. Сол тізімге ресейлік рубль (2,9%) және чили песосы (2,4%) да енген.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлайды: интернет-алаяқтар танымал онлайн-платформалар мен әлеуметтік желілерде жоғары жалақы мен жеңіл жұмыс уәде еткен жалған хабарландырулар жариялап жатыр.
Сербияның ішкі істер министрлігінің мәліметінше, дүйсенбіге қараған түні Белградтағы Скупщина (Парламент) ғимаратының алдында болған тәртіпсіздіктерге қатысқан 37 адам ұсталды, деп хабарлады жергілікті B92 радиостанциясы.
Қытайдың «Чанчжэн-7А» (Long March 7A) зымыран тасығышы дүйсенбі күні Жерді қашықтан зондтау спутнигі – «Яогань-46»-ны (Yaogan-46) сәтті түрде орбитаға шығарды, деп хабарлады China Daily басылымы.
Ресей Федерациясының премьер-министрі Михаил Мишустин мен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ли Цян екі ел үкімет басшыларының 30-шы тұрақты кездесуі басталар алдында жеке жүздесті.
Кувейт Ұлттық гвардиясы әлеуметтік желілерде тараған радиацияның таралуы туралы мәліметтерді жоққа шығарды. Осындай мәлімдеме Катар тарапынан да жасалды.
Ұлыбритания Премьер-Министрі Кир Стармер Кувейттың тақ мұрагері Наваф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен телефон арқылы сөйлесіп, ел аумағында британдық Rapid Sentry әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін орналастыру мәселесін талқылады.