2023 жылы желтоқсанда Мәжілісте агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткен кезде, Ұлттық банк төраға орынбасары Виталий Тутушкин елімізде ауыл шаруашылығын несиеге қаржыландыруға бағытталған институттардың бұрынғы тәжірибесін еске салды .
БРИКС — бұл НАТО сияқты әскери одақ та, G7 секілді ауқатты мемлекеттердің жабық клубы да емес. Бұл — әлемнің ең ірі он бір дамушы экономикасын біріктірген экономикалық және саяси серіктестік. Тарихи кеңеюден кейін бұл альянс бүгінде жер бетіндегі халықтың жартысына жуығын қамтып отыр әрі сатып алу қабілеті паритеті бойынша әлемдік жалпы ішкі өнімнің 40 пайызынан астамын иелік етеді. Мұндай деректерді елемеу мүмкін емес. Дегенмен, бұл көрсеткіштердің тасасында одан да терең мақсат жатыр — әлемдік жүйенің құрылымдық негіздерін қайта қарауға жасалған талпыныс.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стубб Астанада өтетін келіссөздер барысында екіжақты іскерлік байланыстарды кеңейту, сондай-ақ сыртқы саясат пен қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимылды қарастырады.
Қазақстан 2029 жылға қарай электр энергетикасы саласында өндіріс көлемін тұтынудан асыратын деңгейге жеткізуді көздейді. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Әккенженов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Кувейт Ұлттық гвардиясы әлеуметтік желілерде тараған радиацияның таралуы туралы мәліметтерді жоққа шығарды. Осындай мәлімдеме Катар тарапынан да жасалды.
Ұлыбритания Премьер-Министрі Кир Стармер Кувейттың тақ мұрагері Наваф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен телефон арқылы сөйлесіп, ел аумағында британдық Rapid Sentry әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін орналастыру мәселесін талқылады.