Инвестиция тарту жүйесінің “бір терезе” қағидаты бойынша жұмыс істемейтіні туралы мәселе көптен бері көтеріліп келеді. Инвесторлар елге келген кезде, саяси деңгейде ауқымды жұмыс атқарылады, бұл үдеріс көбінесе ел басшылығының деңгейінде жүзеге асады. Қазақстан шетелдің негізгі инвестор елдерімен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Алайда жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін инвестор нақты іске кірісіп, жер алу, құжат рәсімдеу секілді кезеңдерге келгенде, әртүрлі мемлекеттік органдар тарапынан бірқатар кедергілерге тап болады. Мұндай мәселелердің түп-төркіні – мемлекеттік реттеудің күрделілігі, жергілікті атқарушы органдар мен салалық ведомстволардың жұмысына байланысты.
«Хабар» телеарнасында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында жұмыс істеп жатқан қазақстандық сүт өнімдерін өндірушілердің жағдайына қатысты қызықты сюжет көрсетілді. Онда сала өкілдері бәсекелес елдер тарапынан демпингке ұшырап, теңсіз жағдайда қалғандарын айтты. Ақмола облысындағы ірі сүт өңдеу кәсіпорнының басшысы бұл жағдайды ашық түсіндіріп берді: «Бүгінде Беларусь пен Ресей тарапынан демпингтің болу себебі — бұл елдерде шикізаттың бағасы бізбен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Өйткені оларда мал азығын дайындау тәсілі басқаша, электр энергиясы мен жанар-жағармай арзанырақ. Сонымен қатар, көршілес мемлекеттерде мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларының тетіктері де өзгеше».
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан ЕАЭО елдері арасында кейбір экономикалық салаларда ең жоғары жалақы көрсеткішін жоғалтты. Қазіргі таңда еліміз басқа мемлекеттерден тек тау-кен өндіру және карьерлерді игеру саласында ғана алда тұр. Еуразиялық экономикалық комиссияның деректері негізінде жүргізілген бағалау нәтижесінде, бұл саладағы орташа жалақы 1831 АҚШ долларын құрап, Ресейден (1813 доллар) 18 долларға жоғары болды.
Олжас Бектенов басқаратын Үкімет әлеуметтік саладағы бақылаусыз шығындарды шектеу мақсатында батыл шаралар қабылдады. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында атап өткен «шексіз әлеуметтік бастамалардың» жолын кесу үшін алдағы үш жылда министрліктердің, ведомстволардың және әкімдіктердің кез келген жаңа бастамалары алдын ала үкіметтің қаржылық, экономикалық және жоспарлау блогымен келісілмесе, қаржыландырылмайтын болды.
Астана. 30 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Достық – Мойынты теміржол желісінің екінші бағытының ресми іске қосылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың...
АҚШ пен Израиль Иранға қарсы жүргізілген алғашқы төрт апта ішінде елдегі зымыран өндірісіне қатысты төрт негізгі нысанға және 29 зымыран базасына соққы жасаған.
Израильдің оңтүстігіндегі Беэр-Шева қаласына жақын орналасқан Неот-Ховав өнеркәсіп аймағында Иранның баллистикалық зымыран соққысынан кейін ірі өрт тіркелді, деп хабарлайды The Times of Israel.
Йемендегі шииттік «Ансар Алла» қозғалысы (хуситтер) Израильге жасалған зымыран шабуылы үшін жауапкершілікті өз мойнына алғанын «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады.