АҚШ Өкілдер палатасындағы демократтар Ішкі қауіпсіздік министрлігінің (ІІҚМ) қаржыландыруын тағы екі аптаға сақтауға мүмкіндік беретін заң жобасын қолдау қажет пе деген мәселе бойынша ортақ пікірге келе алмады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық журналистерді Ұлттық баспасөз күнімен құттықтап, елде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаны жариялауда бұқаралық ақпарат құралдарын сындарлы ұстаным танытуға шақырды.
60 миллион чек — бұл жай ғана іріктелген мәліметтер емес, нақты сатып алушылардың күнделікті тұтыну деңгейін көрсететін жаппай көрсеткіш. Бұрын инфляция деңгейі кездейсоқ сауда нүктелеріне қарап бағаланса, ендігі есеп нақты дерекке негізделеді.
Қазақстан азаматтарымыздың ерікті болуға және қоғамға пайдалы істермен айналысуға деген ұмтылысын қолдайды. Бүгінде елімізде бір ұлттық және 20 өңірлік фронт-офис табысты жұмыс істеп тұр.Бұл қозғалысқа қатысушылар саны да артып келеді. 2020 жылы Қазақстанда 50 мың ерікті болса, бүгінде олардың саны 300 мыңға жетті.
«Бір терезе» қағидатының негізгі мәні — реттеуші органдардың жекелеген талаптары бар ведомстволар жиынтығынан біртұтас сервис форматына көшуінде. Бұл кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетіп, құжат рәсімдеу процестерін айтарлықтай жеделдетеді.
Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.