Евразия24Басты бетИнфляция болжамы 2025 жылдың шілдесінде 14,7%-ға жетті

Инфляция болжамы 2025 жылдың шілдесінде 14,7%-ға жетті

|

|

Ұлттық банк шілде айының қорытындысы бойынша жүргізген сауалнаманың нәтижелерін жариялады. «2025 жылы шілдеде халықтың бір жылдық инфляциялық болжамы 14,2%-ға дейін өсті, ал үш айлық көрсеткіш – 13,6%-ды құрады. Бес жылға арналған инфляция болжамы да жоғарылап 14,7%ға жетті. 2025 жылы шілдеде инфляциялық болжамның қалыптасуы жоғары нақты инфляция мен теңгенің номиналды айырбас бағамының әлсіреуі аясында жүрді», – делінген қорытындыда. Сауалнамаға қатысқандардың шамамен төрттен бірі бес жылдан кейін инфляция 20%-дан асады деп болжайды.

Әрине, қалжыңдап айтсақ, еліміздегі бағалар Нацбанк есептерін оқып, халықтың болжамын қайталап отырғандай әсер қалдырады. Бірақ олай емес! Сауалнамаға қатысқан 1500 респонденттің таңдаулы тобы жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайға елеулі ықпал ете алмайды. Алайда мұндай деректер халықтың экономикалық көңіл-күйін және негізгі үрдістерді бағамдауға бағдар ретінде қызмет атқара алады. Сауалнамада 27 сұрақ қойылады, есептерде өткен кезеңдермен салыстыру да бар. Үдеріс байқалғанымен, оң сипатта емес.

Мәселен, 2025 жылы шілдеде сұралғандардың шамамен 40 пайызы өткен айда тауар мен қызметтердің бағасы айтарлықтай қымбаттады деп көрсеткен. Ал 2024 жылғы сауалнамада бұл пікірді небәрі 30,5 пайызы ғана білдіргенеді. Соңғы сауалнамада респонденттердің 79 пайызы ең алдымен азық-түлік тауарларының қымбаттағанын атаған (2024 жылы – 74 пайыз). Сауалнамаға қатысқандардың төрттен біріне жуығы соңғы бір жыл ішінде баға 20 пайыздан артық өсті деп бағаласа, өткен жылы мұндай көзқарасты 19,4 пайызы ғана айтқан. Осындай үрдіс алдағы 12 айға қатысты болжамдардан дабайқалады: «Бағалар қазіргіге қарағанда жылдамырақ өседі» дегендердің үлесі 2025 жылы шілдеде 27,9 пайызға жетіп, бір жыл бұрынғы 24,4 пайыздық деңгейден асып түсті. Сонымен бірге, қатысушылардың 77 пайызы бағаның өсуін дүкендерден күнделікті тауар сатып алу мен ақылы қызметтер арқылы өз тәжірибесінде сезінгенін айтқан.

Сауалнама қорытындысы бойынша соңғы айда баға ең жылдам өскен тауарлар мен қызметтердің алғашқы бестігіне мына бағыттар кірді:

коммуналдық қызметтер – 62,1%;
ет және құс еті – 58,7%;
жеміс-жидек пен көкөніс – 52,2%;
дәрі-дәрмек – 51,9%;
сыр мен шұжық өнімдері – 46,3%.

Ұлттық банктің сауалнамасына кіріс деңгейі әртүрлі топтағы азаматтаржалдамалы жұмысшылардан бастап зейнеткерлерге дейін қатысты. Қатысушылардың 78%-ы – еңбекақыға күнелтетіндер. Сауалнамаға қатысқандардың 34% отбасының орташа айлық табысын 150–300 мың теңге көлемінде көрсеткен, ал 20,8%-ы – 300–500 мың теңге аралығында табыс табатынын айтқан. Респонденттердің шамамен жартысы соңғы айда қаржылық жағдайы өзгермегенін көрсеткен, алайда әрбір үшіншісінің тұрмыстық жағдайы нашарлаған. Тағы бір айта кететін маңызды жайт, 2024 жылы шілдеде материалдық жағдайы нашарлағандар саны аз болған, ал жағдайы жақсарғандар керісінше көп еді – 21,7%. Ал 2025 жылы бұлкөрсеткіш 16,5%-ға дейін төмендеген. Сауалнамадағы ең қызықтыбөлімдердің біріотбасылық жинақтарға қатысты деректер. Экономистербұл көрсеткішті азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайынбағалаудағы маңызды фактор ретінде қарастырады. Жыл ішінде, яғни 2024 жылы шілдеден 2025 жылы шілдеге дейін, жинағы бар адамдардың үлесіайтарлықтай өзгермей, бар болғаны 25,7%-ды құрады. 2025 жылы олардыңүштен бірінде жинақ көлемі артқанымен, 2024 жылы шілдеде мұндайазаматтардың үлесі 42%-ға жуық еді. Ал көпшілігінің жинағы өспеген, себебісауалнамаға қатысушылардың екіден екісі (шамамен 66%) мүлдем ақшажинай алмағанын айтқан.

Сондай-ақ, Ұлттық банктің несиелерге қатысты жүргізген сауалнамасы да қызықты деректерді көрсетті. Респонденттердің үштен бірінде несие жоқ. Алайда, көпшілігінде тұтынушылық несиелер – 28,8% бен бөліп төлеу 22,1% міндеттемелері бар. Несиесі бар азаматтардың 32,8%-ы ай сайынқарызын өтеуге 100 мың теңгеден астам қаражат жұмсайтынын хабарлаған.

Бағаның өсуіне пессимистік көзқарастағы халықтың пікірін аса маңызды депқарамауға да болар еді. Өйткені инфляцияға объективті факторлар ықпал етіпотыр: теңгенің әлсіреуі, импорттың қымбаттауы, тарифтердің өсуі. Алайда! Осындай жағдайда нақты жалақы өсімі тоқтап қалғаны алаңдатарлық жағдай.

«2025 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан Республикасындағы орташаайлық жалақы 446 620 теңгені құрады. Дегенмен, инфляцияның үдеуісалдарынан нақты еңбекақының жалпы экономикалық өсімі нөлдік деңгейде қалып отыр. Сонымен қатар жалдамалы жұмыскерлердің жартысынан астамы орташа деңгейден төмен еңбекақы алады. Жалпы алғанда, жалақыға қатысты статистика экономиканың құрылымын бейнелей отырып, салалар арасындағы кіріс теңсіздігін көрсетеді: бір жағынан өнеркәсіпте (әсіресе, тау-кен өндірісінде), қаржы секторында және телекоммуникацияда табыстар салыстырмалы түрде жоғары болса, екінші жағынан ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және мемлекеттік басқаруда еңбекақы деңгейі төмен. 2025 жылдың екінші тоқсанында орташа жалақы өткен жылдың сәйкескезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 11,3%-ға артқанымен, инфляцияның жеделдеуі нәтижесінде нақты мәнінде өсім нөлге тең болды. Мұндай үрдіс, Ұлттық банк төрағасының айтуынша, тұтынушылық кредиттер көлемінің артуына ықпал етуде», – делінген Halyk Finance сарапшысы Арслан Ароновтың зерттеуінде.

Сонымен қатар, ол жалдамалы жұмыскерлердің 56%-дан астамы еңбек ететін денсаулық сақтау, білім беру, әкімшілік қызмет көрсету және мемлекеттік басқару салаларында еңбекақы деңгейі орташа көрсеткіштен төмен екеніне назар аударады. Бұдан бөлек, бұл салалардағы жалақы нақты мәнде төмендеуде: білім беру саласында – 3,1%, әкімшілік қызмет көрсетуде – 7,2%, денсаулық сақтау саласында – 3,1%.

«Осылайша, Қазақстанның еңбек нарығы экономикалық жағдайды әлсіз бейнелеп отыр: ЖІӨ өсімінің жеделдеуіне қарамастан, нақты еңбекақы өсімі іс жүзінде тоқтап қалған. Біздің ойымызша, экономикалық өсім мен халықтабысын теңдестіру үшін экономиканы әртараптандыру, ресурстарды еңбек сыйымды секторлар пайдасына қайта бөлу, еңбек өнімділігін арттыру және еңбекақы төлеу жүйесін реформалау қажет», – деп түйіндейді зерттеу авторы.

Осындай жағдайда халықтың инфляциялық күтулерінің нашарламауы мүмкінбе?

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Жер дауы: сенімсіз реформа – қарсылықтың бастауы

2003 жылғы дағдарыс билік пен қоғам арасындағы сенімнің емтиханына айналып, 2016 жылғы жер митингілерінің қайталануына негіз қалады. Қазақстандағы жер мәселесі – тек экономика ғана емес, сонымен қатар ұлттық бірегейліктің символы. 2003 және 2016 жылдардағы дағдарыстар көрсеткендей, сенім мен диалогсыз кез келген реформа қарсылық тудырады. Жер – сабақтастық пен тұрақтылықтың негізі, ал жер саясаты әділдікті және қоғамның қатысуын талап етеді.

Субсидия бар, нәтиже жоқ

Қазіргі жаһандық сын-қатерлер мен халықаралық бәсекенің арта түсуі жағдайында ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, экономикалық тұрақтылықты сақтаудың, саланың технологиялық жаңғыруы мен жалпы ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторларының бірі болып отыр. Комиссия алаңында ауыл шаруашылығына субсидия беру тетіктерін әзірлеу, оны жүзеге асыру және тиімділігін бағалау мәселелерінде тәжірибе алмасуға арналған дөңгелек үстел өтті.

Қазақстанда шағын авиация ұшуларына уақытша шектеу қойылды

«Астана маңында болған әуе апатынан кейін жеңіл авиацияға жаппай тексеріс жүргізу туралы шешім қабылданды.«Қазақстанның Азаматтық авиация әкімшілігі» акционерлік қоғамы 2025 жылғы 22 маусым мен 17 тамызда әуе оқиғасына ұшыраған әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшуына уақытша шектеу енгізді. Ұшу қауіпсіздігін бақылауды күшейту мақсатында Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында жалпы мақсаттағы әуе кемелері (49 әуе кемесі) шоғырланған орындарда пайдаланушыларға жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады.