Евразия24Басты бетКремль мұнай нарығындағы стратегиялық мүмкіндіктен айырылып отыр

Кремль мұнай нарығындағы стратегиялық мүмкіндіктен айырылып отыр

|

|

Иранның Ормуз бұғазын жауып тастауы Мәскеуге Вашингтонмен келіссөздердегі өз позициясын нығайтуға бірегей мүмкіндік берді. Бұл жағдай «Анкоридж рухын» америкалық тараптан нақты мазмұнмен толықтыруға септігін тигізер еді. Ол үшін әлемдік нарықтағы мұнай ұсынысын барынша азайту қажет. Алайда, Кремль геосаяси тұрғыдан тиімді әрекет етудің орнына, қосымша табыс табу мақсатында әлемдік нарықтағы «қара алтын» тапшылығының орнын толтырып, стратегиялық басымдығынан айырылып отыр.

Тегеран Эпштейн коалициясының шабуылына жауап ретінде Ормуз бұғазын жауып тастады. Бұл әлемдік мұнай ұсынысының 30%-ын және сұйытылған табиғи газдың (СТГ) 25%-ын құрайды. Планетаның басты энергетикалық күретамыры арқылы тасымалданатын тәулігіне 21 млн баррель мұнайдың бір бөлігін басқа бағыттарға бұру мүмкін болғанымен, Парсы шығанағынан келетін жеткізілімдердің басым бөлігі тоқтап қалды.

Ормуз бұғазындағы екі апталық блокаданың өзі мұнай долларының айналым жүйесін іркіліске ұшыратты. Бұл модельдің қалыпты жұмыс істеу механизмі мынадай еді: мәселен, Катар немесе Бахрейн сияқты мемлекеттер мұнай өндіреді, ал АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі осы өнім көлеміне сәйкес доллар басып шығарады. Содан соң «қара алтын» америкалық валютаға сатылады. Доллардың бір бөлігі Шығанақ монархияларына қайтарылса, қалған бөлігіне қазынашылық облигациялар сатып алынады, банктерде долларлық шоттар ашылады немесе BlackRock сияқты қаржылық құрылымдарға инвестиция құйылады.

Мұнай-доллар айналымы тетігі істен шыққан соң, монархиялар долларлық активтерін өз құзіретіне қайтара бастады. Себебі бұл қаражат әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне зымырандар сатып алу мен зақымдалған инфрақұрылымды қалпына келтіруге ғана емес, сонымен қатар халықты азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты кезек күттірмейтін қажеттіліктерге де жұмсалуы тиіс.

Қаржының кері ағыны алғашқыда мардымсыз көрінгенімен, BlackRock компаниясының айналасындағы жағдай жүйенің жалпы осалдығын айқындап берді. Әлемдегі ең ірі жеке инвестициялық қор саналатын бұл ұйым өзінің несиелеуге бағытталған HPS Corporate Lending Fund атты өнімі бойынша инвесторларға қаражат беруді шектеді.

Активтері 26 миллиард долларға бағаланатын компания Таяу Шығыстағы соғыс өрті мен мұнай-доллар айналымының іркілуіне байланысты туындаған дүрбелең салдарынан қаражатты қайтару туралы өтінімдердің күрт өсуіне тап болды. Инвесторлар барлық активтің 9,3%-ын құрайтын шамамен 1,2 миллиард долларды қайтаруды талап етті. Алайда қор портфельдің ұзақ мерзімді инвестициялауға негізделген құрылымдық ерекшеліктерін алға тартып, қаражаттың тек 5%-ын ғана шығаруға рұқсат берді. Осы жағдайдың аясында BlackRock акцияларының құны шамамен 7%-ға төмендеді.

2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, BlackRock компаниясының нарықтық капитализациясы шамамен 182,6 млрд долларға бағаланып, оның басқаруындағы активтер көлемі 14 трлн долларды құрады. Шамамен бір миллиард долларды жедел қайтарудан бас тартуы инвестициялық алпауыт үшін айтарлықтай шығын әкелді.

Жалпы алғанда, АҚШ-тың борыштық міндеттемелеріне деген сұраныся төмен, ал Иранға жасалған шабуылдан кейін капиталдың қазынашылық облигациялардан алтынға ағылуы үдей түсті. Жаһандық инвесторлардың иелігінде, АҚШ-тың қазынашылық облигацияларын қоса алғанда, 27 триллион долларға жуық долларлық активтер бар. Мұнай бағасының күрт өсуі нәтижесінде көптеген елдер тығырыққа тірелді. Оларға жанармай, энергия және азық-түлік қажет. Сол себепті мемлекеттер мен олардың резиденттері қажетті ресурстарды сатып алу үшін долларлық активтерін саудаға шығаруға мәжбүр болады.

Егер әлемдік нарықта долларға деген сұраныс төмендесе, америкалық валюта АҚШ-қа қайта ағылып, ел ішінде оның артық мөлшерінің жиналуына әкеп соғады. Бұл инфляциялық қысымды күшейтеді, өйткені америкалық валютаның құнсыздану процесі айтарлықтай жеделдей түспек.

Мұндай жағдайда әлемдік нарықта Ресей мұнайының тапшылығы америкалық қаржы жүйесінің іркілісін одан әрі ушықтырып, салдарынан АҚШ-тың қазынашылық облигацияларына деген сұраныстың төмендеуіне әкеп соғар еді. Вашингтонның қаржылық қиындықтарға тап болуы оның Шығыс Еуропадағы жағдайға ықпал ету мүмкіндігін айтарлықтай шектейтіні анық. Яғни, Ақ үйдің Киевті қолдауға қажетті ресурстары жеткіліксіз болады. Осындай жағдайда Украина тарапы да келіссөздерге бейімділік танытуға мәжбүр болмақ.

Бүгінгі таңда Кремль әлемдік нарыққа мұнай жеткізу арқылы Иранның позициясын әлсіретіп қана қоймай, іс жүзінде өзінің стратегиялық мүдделеріне қарсы әрекет етіп отыр. Дәлірек айтқанда, ұзақ мерзімді геосаяси мүдделер қазіргі сәттегі тактикалық пайданың құрбанына айналуда.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Триллиондық межеге жақындаған Қазақстан экономикасы

Қазақстанның ЖІӨ (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша) көрсеткіші арқылы әлемнің үздік 40 экономикасының қатарына енуі – елде елеулі көлемде тауарлар мен қызметтер өндірілетінін және экономиканың шағын ауқымнан шығып, кеңейгенін білдіреді.

Қазақстан энергетикасындағы сын-қатерлер

ЕАБР мәлімдемесі Қазақстанның энергия жүйесіндегі құрылымдық тәуелділікті айқын көрсетті. Тарихи тұрғыдан алғанда, бұл жағдай қалыпты құбылыс, себебі Қазақстан мен Ресейдің энергия жүйелері бастапқыда біртұтас тізбек ретінде қалыптасқан.

БҰҰ құқық қорғау органдарына киберқорғаныс жүйесін құруға көмектесуде

Киберқылмыстың трансшекаралық сипатына байланысты қазақстандық құқық қорғау органдары мен қаржылық технологиялар саласы үшін БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен Интерпол сияқты халықаралық пікірталас алаңдарында озық тәжірибе жинақтаудың маңызы зор.

АҚШ теңіздегі иран мұнайына салынған санкцияларды алып тастауы мүмкін

АҚШ қаржы министрі Скотт Бессенттің мәлімдеуінше, Вашингтон қазіргі уақытта танкерлерде тасымалданып жатқан иран мұнайына қатысты санкцияларды алып тастау мүмкіндігін қарастырып жатыр.