Евразия24Эксклюзив«Аумақтық қорғаныс туралы» заң – Қазақстанның әскери құрылымындағы жаңа кезең

«Аумақтық қорғаныс туралы» заң – Қазақстанның әскери құрылымындағы жаңа кезең

|

|

Аумақтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесі үшін үлкен сын-тегеурін. Себебі бұл мәселеде кеңестік кезеңдегі тәжірибеге сүйену мүмкін емес. Кеңес Одағында аумақтық қорғаныс жүйесі мүлде болмаған. Ал Швейцариядағы арнайы аумақтық қорғаныс дивизияларының, АҚШ-тағы ұлттық гвардияның немесе Украинадағы аумақтық қорғаныс күштерінің тәжірибесін Қазақстанға сол күйінде көшіру мүмкін емес. Өйткені әр елдің географиялық орналасуы, халқының құрылымы, басқару жүйесі, экономикасы және басқа да ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан №201-VIII заңына сәйкес бұл салада тәжірибелік негізде жұмыс жүргізілмек.

2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Аумақтық қорғаныс туралы» заң ресми жарияланған күннен бастап 60 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. Алайда бұл құрылымның толыққанды әскери күш ретінде қашан дайын болатыны әзірге белгісіз. Аумақтық әскерлердің сапалы қалыптасуы мен оларға жүктелген міндеттердің нақты орындалуы уақыт еншісіндегі мәселе.

Аумақтық қорғаныс құрылымдарын құру мен олардың тиімді жұмыс істеу барысындағы негізгі қиындық – әртүрлі ведомстволар арасындағы өзара іс-қимыл екені айқын. Қазіргі кезде еліміздегі әскери басқармалар мен қорғаныс істері жөніндегі департаменттер Қорғаныс министрлігінің аумақтық құрылымдары ретінде жұмыс істейді. Бұл салада басқару жүйесі толықтай орталықтандырылған: Жоғарғы Бас қолбасшы – Мемлекет басшысы, ал барлық әскери құрылымдар тікелей Қорғаныс министрлігінің қарамағында.

Ал жаңа №201 заңы бойынша аумақтық қорғаныс құрылымдарын ұйымдастыруда Президент әкімшілігі, Үкімет, Қорғаныс министрлігі, Бас штаб және түрлі деңгейдегі әкімдер арасында тығыз үйлесімділік қажет. Заңда басқарудың бір орталықтан жүргізілетіні көрсетілгенімен, бұл талаптың нақты жүзеге асу барысы әзірге ашық сұрақ күйінде қалып отыр.

Бұған қоса, соңғы жылдары әлемдік ахуал күрделене түсті. COVID-19 пандемиясынан кейін Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады. Осыған орай, «Аумақтық қорғаныс туралы» заңның қабылдануы – еліміздің әскери қауіпсіздігіне, жалпы мемлекеттік тұрақтылыққа деген алаңдаушылықтың айқын белгісі.

Сондықтан да әскери құрылымдар мен азаматтық басқару органдары арасындағы байланысты тиімді жолға қою — өзекті мәселе. Қазақстанда барлық облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдері әскери қызметтен өтпеген жағдайлар көп. Ал аумақтық қорғаныс жүйесі енгізілген соң, оларға әскери сипаттағы маңызды шешімдер қабылдауға тура келеді.

Көне қытай стратегi Сунь-Цзы «Соғыс – мемлекеттің ең маңызды ісі, ол – өмір мен өлім мәселесі, ұлттың болашағы шешілетін кезең» деген. Осы орайда, еліміздің бейбіт өмірін, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты азаматтық тұлғалар — әкімдерге де әскери дайындық қажет екені белгілі болып отыр.

Кеңестік кезеңде Бас штаб академиясында генералдар тек әскери ғылыммен шектелмей, мемлекеттік басқару негіздерін де терең меңгеретін. Себебі елде әскери жағдай енгізілген кезде, әскерилер тек қорғанысты ғана емес, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды басқару және басқа да тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін үйлестіруге міндетті болатын. Қазіргі таңда бұл жауапкершіліктің бір бөлігі жергілікті билікке жүктеледі.

Адам факторы – кез келген жүйенің күрделі әрі маңызды бөлігі. Мемлекеттік иерархияға сәйкес, облыс немесе қала әкімі министрден төмен тұрғанымен, аумақтық қорғаныс мәселесінде олардың жауапкершілігі артқан сайын саяси салмағы да күшейеді. Егер бұл жүйе формальды сипатта қалып қоймай, нақты іске асса, әкімдердің өкілеттіктері де кеңейеді.

Заң жобасындағы тағы бір маңызды тұсТөтенше жағдайлар министрлігініңмәртебесі. Қоғам арасында бұл ведомствоның қызметі тек қосалқы бағытретінде қабылданып келгені жасырын емес. Алайда түрлі төтеншежағдайларда, табиғи апаттар кезінде дәл осы министрліктің тиімді әрекеті – ел қауіпсіздігінің негізгі тірегі.

Қорыта айтқанда, «Аумақтық қорғаныс туралы» заңҚазақстанныңқорғаныс қабілетін арттыруға, мемлекеттік қауіпсіздікті нығайтуғабағытталған маңызды стратегиялық шешім. Бұлмемлекетіміздің ішкітұрақтылығы мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін жаңа кезеңніңбастауы.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Трамп Эпштейн ісі аясында бас прокурорды қорғап, әкімшілікті бірлікке шақырды

ВАШИНГТОН, 13 шілде. ИНТЕРФАКС. АҚШ Президенті Дональд Трамп атышулы...

КХДР мен Ресей ынтымақтастығы бейбітшілікке бағытталған

БЕЙЖІҢ, 13 шілде. ИНТЕРФАКС. Корея Халық Демократиялық Республикасының (КХДР)...

МАГАТЭ Энергодарға дрон шабуылдарына алаңдаушылық білдірді

БРЮССЕЛЬ, 12 шілде. ИНТЕРФАКС. Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ)...

Антикордың тағдыры: Жемқорлықпен күрес неге жаңа құрылымға тапсырылды?

Құқық қорғау жүйесіндегі жүйелік кемшіліктер мен проблемалық бағыттар жайлы қоғамға ашық айтылмауы әбден мүмкін. Себебі Мемлекет басшысы бұл мәселелерді саралау қорытындылары жабық форматта қаралатынын бастапқыда-ақ ескерткен болатын.