Евразия24Еуразия патриоттарыЕАЭО мен ШЫҰ: жаңа нарыққа ортақ жол

ЕАЭО мен ШЫҰ: жаңа нарыққа ортақ жол

|

|

Еуразиялық экономикалық комиссияның хабарлауынша, Бақытжан Сағынтаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты. Саммит барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен ШЫҰ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, олардың экономикалық әлеуетін ұштастыру тараптар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін еселеп арттыра алатыны атап өтілді. ЕЭК пен ШЫҰ Хатшылығы өзара әріптестікті тиісті меморандум аясында жүзеге асырып келеді. Қазіргі уақытта тараптар ынтымақтастықтың жан-жақты жоспарын келісуді аяқтап жатыр. Құжат жобасында экономикалық және қаржылық өзара іс-қимыл, көлік пен мультимодальды тасымалдар, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен, сауда рәсімдерін оңайлату, цифрландыру, энергетика және өзге де бірқатар бағыттар бойынша диалогты дамыту мәселелері қамтылған. Сондай-ақ ШЫҰ-ның штаб-пәтерінде «ЕАЭО күндерін» өткізу мүмкіндігі жөнінде мәселе қарастырыла бастады.

Евразия пікірі:

ЕАЭО мен ШЫҰ арасындағы ортақтықтар аз емес. Біріншіден, Арменияны қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше төрт ел Шанхай ынтымақтастық ұйымының да құрамына кіреді. Екіншіден, тараптарды біріктіретін ортақ экономикалық мақсаттар бар – жаңа нарыққа шығу, бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту және тауар айналымын жеңілдету. Халқы ең көп елдер – Үндістан мен Қытайдың ШЫҰ құрамында болуы бұл ұйымды әлемдегі ең ірі интеграциялық бірлестіктердің біріне айналдырады. ШЫҰ-ның әлем халқының 40 пайызын қамтуы – оны алып тұтыну нарығы ретінде сипаттауға негіз болады. Сондықтан «еуразиялық кеңістік» үшін ШЫҰ-пен тығыз серіктестік орнату стратегиялық маңызға ие. Бұл мәселе ЕАЭО басшылығының ерекше назарында. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Тяньцзинь қаласында өткен «ШОС плюс» алаңында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, ол Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) Бас хатшысы Као Ким Хорнмен жұмыс бабындағы кездесу өткізді. ШЫҰ саммиті барысында Бақытжан Сағынтаев Азиядағы өзара қарым-қатынастардың мәнін сипаттайтын маңызды ой айтты: «Интеграциялар арасындағы диалог – жаһандық экономиканың дамуын айқындайтын басты үрдістердің бірі».

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.