Евразия24Еуразия патриоттарыЕуразиялық бестік әлеуметтік маңызы бар көкөніс бағасын төмендетпек

Еуразиялық бестік әлеуметтік маңызы бар көкөніс бағасын төмендетпек

|

|

Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлайды: «Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі бөлшек саудада сатуға арналған көкөністердің жекелеген түрлеріне қатысты әкелу кедендік алымынан босату түріндегі тарифтік жеңілдік беру туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, Қазақстанға 100 мың тоннадан, Қырғызстанға 50 мың тоннадан аспайтын көлемде картоп жеткізу; Арменияға 5 мың тонна, Қазақстанға 100 мың тонна көлемінде пияз жеткізу; Беларусь еліне 600 тонна, Қырғызстанға 500 тонна көлемінде түсті қырыққабат пен брокколи жеткізу; Қазақстанға 35 мың тоннадан аспайтын ақ бас қырыққабат және 30 мың тоннадан аспайтын сәбіз жеткізу; Қырғызстанға 400 тоннаға дейін қияр жеткізу; Беларусь пен Қырғызстанға 200 тоннадан, Ресейге 6,6 мың тоннаға дейін баклажан жеткізу; сондай-ақ Беларусь еліне 5,2 мың тонна, Қырғызстанға 2 мың тонна және Ресейге 27 мың тоннадан аспайтын көлемде тәтті бұрыш жеткізу туралы сөз болып отыр. Бұл жеңілдіктің қолданылу мерзімі — 2026 жылғы 30 маусымға дейін. Сондай-ақ, 2026 жылғы 31 мамырға дейін Қырғызстанға 5 мың тоннаға дейін қызанақ әкелуге тарифтік жеңілдік берілді. «Әдетте, маусымаралық кезеңде көкөніс нарығында тұтыну бағасының едәуір құбылуы байқалады. Бұл, ең алдымен, отандық өнім қорларының таусылуына байланысты. Қабылданған шара ішкі нарықты қосымша өніммен қамтамасыз етуге және халық үшін көкөніс бағасының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразия24 пікірі:

ЕАЭО аясында қабылданған бұл шешім шұғыл шара емес, керісінше, әбден қалыптасқан тетік арқылы жүзеге асырылатын жыл сайынғы тәжірибе. Ішкі азық-түлік нарығының жай-күйіне байланысты, әр жылдары маусымаралық кезеңде көкөніс, қант және астық өнімдеріне осындай жеңілдіктер беріліп келеді. Мұндай шешімдер тапшылық мәселесін шешуге, әсіресе картоп, пияз, сәбіз сияқты «әлеуметтік» көкөністердің бағасын тұрақтандыруға тікелей әрі тиімді әсер етеді. Нарыққа сырттан қосымша өнім келуі тапшылық қаупін сейілтіп, бағаның негізсіз өсуіне жол бермейді. Бұған дейінгі жылдары Қазақстанда картоп пен пиязға қатысты дәл осындай жағдай қайталанған болатын. Қордың таусылуы және фермерлердің маусымаралық тұрақсыздық кезінде әлеуметтік маңызы бар өнімдерді көрші елдерге экспорттап, барынша пайда көруге тырысуы қарапайым көкөністердің бағасын аспандатып жіберген еді. Дегенмен, бұл шешім уақытша ғана амал екенін түсіну керек. Ол жыл сайынғы маусымаралық тапшылықтың түпкі себебін — өнімді сақтау, өңдеу инфрақұрылымының әлсіздігі мен егінді жоспарлаудағы олқылықтарды жоя алмайды. Бұл енді ЕАЭО-ға емес, Қазақстан Үкіметіне қойылатын талап.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Гренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

Қазір Гренландияда тұрақты орналасқан АҚШ әскери контингентінің құрамында шамамен 150 әскери қызметкер бар. Бұл Пентагон деректерінде көрсетілген.