Евразия24Еуразия патриоттарыҚазақстан–Ресей: өнеркәсіптік серіктестіктің жаңа кезеңі

Қазақстан–Ресей: өнеркәсіптік серіктестіктің жаңа кезеңі

|

|

«Sputnik ТМД» хабарлағандай, Ресей Сауда-өнеркәсіп палатасы вице-президенті Дмитрий Курочкин Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде өткен дөңгелек үстелде төмендегідей пікір білдірді: «2024 жылы Еуразиялық экономикалық одақ аясында өнеркәсіптік кооперацияны қолдауға арналған жеңілдетілген қаржыландыру тетігі іске қосылды. Қазіргі уақытта біздің жобалық кеңсеміздің қарауында дайындық деңгейі мен салалық бағыты әртүрлі он екі жоба бар. Ең бастысы – солардың ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия осы жылы алғаш болып ресми түрде мақұлдаған және жүзеге асыруға қабылдаған жоба – қазақстандық әріптестерімізбен бірлесіп әзірленген «КазРост» жобасы. Бұл – біздің тікелей қатысуымызбен толықтай сүйемелденген алғашқы бірлескен кооперациялық бастама. Аталған жоба Қазақстанда комбайн өндірісін тереңінен жергіліктендіруді көздейді. Басты серіктес – ауыл шаруашылығы техникасы саласында танымал ресейлік компания «Ростсельмаш». Сонымен қатар, бұл бастаманың жүзеге асуына Беларусьтің бірқатар кәсіпорындары да үлес қосып отыр – олар соңғы өнімді Қазақстанда шығару үшін қажетті құрамдас бөлшектерді жеткізуде. Биыл наурыз айында Астанада жобалық кеңсенің көшпелі отырысы өтті. Ол «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында ұйымдастырылып, біз қазақстандық іскер топ, өнеркәсіпті дамыту қоры мен даму институттарының өкілдерімен кездестік. Алайда бұл сапардың ең маңызды бөлігі – Көкшетауға барып, «КазРост» кәсіпорнының өндіріс орнында болуымыз еді. Біз сол жерде жобаның нақты қалай жүзеге асып жатқанымен танысып, өндірістік процесті өз көзімізбен көрдік».

Евразия24 пікірі:

Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында төмендегідей пікір білдірді: “бүгінде отандық кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге елдердің өндіріс орындарымен салыстырғанда мемлекет тарапынан тиісті деңгейде қолдау көрмей отыр. Соның салдарынан олар қолайсыз жағдайда қалып, тіпті өз ішкі нарығында бәсекелестеріне жол беруге мәжбүр. Бұл мәселе әсіресе сүт өнімдерін өндірушілерге тікелей қатысты”, – деді Мемлекет басшысы.  Бұл – аса назар аударарлық мәлімдеме. Себебі дәл осы жылдың шілде айында Қазақстанның Сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевников саланың даму қарқынына тоқталып, ішкі нарықтың 96–97% көлемінде отандық өніммен қамтамасыз етіліп отырғанын айтқан еді (inbusiness.kz). Оның айтуынша, сүт өндірушілерге толық импортты алмастыру міндеті мүлде қойылып отырған жоқ. Сонда қалай болғаны? Президентке ЕАЭО аясындағы жекелеген салаларда мәселе бар деген бағыттағы ақпараттар әдейі ұсынылып, интеграция нәтижесін жоққа шығаруға әрекет жасалып жатқан жоқ па? Бұл – назар аударуға тұрарлық сұрақ. Өйткені еуразиялық өнеркәсіптік кооперация нақты нәтиже беріп отыр, оларды көзбен көріп, қолмен ұстауға болады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.