Евразия24ШетелдеҮндістан АҚШ-тан алшақтап барады

Үндістан АҚШ-тан алшақтап барады

|

|

Халықаралық саяси және экономикалық стратегиялар институтының (Русстрат) директоры Елена Панина былай деп жазады: «Үндістан Қытай және Ресеймен жақындасуда. Бұл жағдайда Вашингтон не істемек?» Bloomberg пен өзге де бірқатар батыс басылымдары Нью-Дели, Бейжің және Мәскеу арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына алаңдаушылық білдіріп отыр. Аталған агенттік: «Моди Қытай мен Ресеймен байланысын Трампқа қарамастан нығайтып жатыр» деп жазады. Алайда, Панинаның пайымынша, бұл тұжырым шындыққа толық сәйкес келмейді. Керісінше, мұндай геосаяси өзгерістер Трамп саясатының тікелей салдары болып отыр. Атап айтқанда, Трамп әкімшілігінің Үндістанға қарсы енгізген сауда шектеулері – әсіресе Ресей мұнайын сатып алғаны үшін үнді экспортынан қосымша баж салығын алу – Нью-Делиді Қытай мен Ресеймен қарым-қатынасты тереңдетуге итермелеген шешуші факторға айналды. Батыс әлемінің «қоректік базасының» қысқаруы Трамп әкімшілігін Вашингтонның ең жақын одақтастары мен серіктестеріне қысым жасауға итермеледі. Ұлыбритания мен Еуроодақ бұған көнгенімен, Үндістан ұстанымын сақтап, АҚШ-тан алшақтай бастады. ШЫҰ саммитінің сәтті өтуі аясында, АҚШ-тың жаһандық назарды өзіне аударуға ұмтылуы ықтимал. Вашингтон өзінің әлемдік гегемон ретіндегі орнын көрсетуге тырысуы мүмкін. Мұндай жағдайда жаңа әскери қимылдардың қаупі жоққа шығарылмайды. Бұрынғыдай, ықтимал нысаналар қатарында Иран тұр, оған қоса Венесуэла да аталуда. Украинадағы дағдарыстың жаңа шиеленіс кезеңіне өтуі де жоққа шығарылмайды».

Евразия24 пікірі:

Сарапшылар арасында Ресей, Қытай және Үндістанның АҚШ-тың геосаяси әрекеттеріне жауап ретінде өзара экономикалық әрі саяси жақындасуы жиі талқыланады. Мұндай үрдіс, ең алдымен, БРИКС аясындағы интеграциялық байланыстардың тереңдеуімен байланыстырылады. Бұл ұйымның негізін қалаушылардың бірі саналатын Бразилия да Трамп әкімшілігінің қысымына төтеп беруге тырысып келеді. Қытайдың қолдауына сүйене отырып, сауда соғыстарының өршуіне қарсы ұстанымын нығайтуда. Bloomberg агенттігі өз батыл тұжырымдарымен ерекшеленгенімен, мәліметтерді жеткізуде нақтылық жағынан жиі сынға ұшырайды. Дегенмен Bloomberg агенттігінің талдаулары жиі назарға ілігіп, геосаяси ахуалдың жаңа орталығына айналып келе жатқан БРИКС елдерімен қатар, Батыс елдеріне де ой саларлық деректер ұсынады. «Сауын сиырға» айналудан үзілді-кесілді бас тартып, қуатты экономикалық одаққа бет алған мемлекеттерді елемеу мүмкін емес. Бұл – жаһандық ықпал тепе-теңдігін өзгертуі ықтимал үдеріс. Алайда АҚШ қысымды тек экономика немесе саясат арқылы ғана емес, жан-жақты тетіктер арқылы жүргізе алатынын талай мәрте дәлелдеген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...