Сәрсенбі күні таңертең әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеуін жалғастырды. Бұған Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіру мәселесінде ілгерілеушілік байқалуы әсер етті.
Еуразиялық интеграцияға кіретін бес елдің екеуі ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі бойынша алғашқы ондыққа енген. Бұл, әрине, назар аударарлық көрсеткіш. Қазақстан үшін де бұны белгілі бір деңгейде мақтан етуге болады. Алайда бұл жерлердің қаншалықты тиімді пайдаланылып жатқанына қатысты нақты рейтингтер жоқ.
Қытай 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде (2025/26 ауыл шаруашылығы жылының майлы-май өнімдері бойынша бірінші жартысында) Ресейден шамамен 1 млн тонна өсімдік майын сатып алды.
Қазақстан тауық жұмыртқасын, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінен әкелуге алты ай мерзімге қайтадан тыйым енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы республиканың Үкіметі хабарлады.
Орта мерзімді перспективада мұнай-газ өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі біртіндеп азайып, бұл үдеріс өңдеуші өнеркәсіптің озыңқы дамуы есебінен өтеледі.
S&P Global Ratings рейтинг агенттігі Қазақстанның ұзақ және қысқа мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/A-3» деңгейінен «BBB/A-2» деңгейіне көтеріп, болжамды «тұрақты» деп белгіледі. Агенттік бұл шешімге ел экономикасының орнықтылығын, 2026 жылдың алғашқы жартысында жалпы ішкі өнімнің 4,1%-ға өсуін және бюджет тапшылығын қысқарту бағытындағы шараларды негіз еткен. Дегенмен агенттік Қазақстан экономикасына әсер етуі мүмкін бірқатар факторды да атап көрсетеді. Соның ішінде мұнай тасымалының басым бөлігі Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына тәуелді. Қазақстан мұнайының шамамен 80%-ы осы бағытпен экспортталады. Сондықтан құбыр жұмысындағы кез келген үзіліс сыртқы жеткізілім көлеміне тікелей әсер етуі ықтимал. Бұдан бөлек, мемлекеттің қарыз тарту құны өсіп, оны өтеуге жұмсалатын шығын да артып келеді. Қарызға қызмет көрсету шығыны бюджет кірісінің 10%-ынан асып, 2027 жылы 11,4%-ға жетуі мүмкін. Сондай-ақ құны 14–15 млрд доллар болатын атом электр станциясының құрылысы қандай қаражат есебінен қаржыландырылатыны әзірге нақтыланбаған. S&P есебінде 2028 жылға қарай ағымдағы шот тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 3,7%-ына дейін ұлғаюы мүмкін екені де көрсетілген.