Тег: ауыл шаруашылығы
Қазақстанның рейтингі көтерілгенімен, экономикалық тәуекелдер сейілген жоқ
S&P Global Ratings рейтинг агенттігі Қазақстанның ұзақ және қысқа мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/A-3» деңгейінен «BBB/A-2» деңгейіне көтеріп, болжамды «тұрақты» деп белгіледі. Агенттік бұл шешімге ел экономикасының орнықтылығын, 2026 жылдың алғашқы жартысында жалпы ішкі өнімнің 4,1%-ға өсуін және бюджет тапшылығын қысқарту бағытындағы шараларды негіз еткен. Дегенмен агенттік Қазақстан экономикасына әсер етуі мүмкін бірқатар факторды да атап көрсетеді. Соның ішінде мұнай тасымалының басым бөлігі Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына тәуелді. Қазақстан мұнайының шамамен 80%-ы осы бағытпен экспортталады. Сондықтан құбыр жұмысындағы кез келген үзіліс сыртқы жеткізілім көлеміне тікелей әсер етуі ықтимал. Бұдан бөлек, мемлекеттің қарыз тарту құны өсіп, оны өтеуге жұмсалатын шығын да артып келеді. Қарызға қызмет көрсету шығыны бюджет кірісінің 10%-ынан асып, 2027 жылы 11,4%-ға жетуі мүмкін. Сондай-ақ құны 14–15 млрд доллар болатын атом электр станциясының құрылысы қандай қаражат есебінен қаржыландырылатыны әзірге нақтыланбаған. S&P есебінде 2028 жылға қарай ағымдағы шот тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 3,7%-ына дейін ұлғаюы мүмкін екені де көрсетілген.
Электросамокатпен жүру тәртібі өзгерді
«Бүгіннен, яғни 25 тамыздан бастап Қазақстанда электрлі самокатпен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынды.Мұндай шешімнің қабылдануына не себеп? Бұл мәселені қоғам өкілдері көптен бері көтеріп келеді. Әсіресе балалар, қарттар мен бала арбасымен жүрген ата-аналар үшін тротуардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі жиі айтылып жүр.
Құрылыс – экономикалық өсімнің негізгі тірегі
«Үкіметтің жоспарын қарап шықтым. Экономикалық өсімнің негізгі тетігі ретінде құрылыс саласы таңдалған. 2027–2029 жылдары бұл сала жыл сайын 16–17%-дан астам өседі деп жоспарланып отыр.
Бір күнде екі мұнай өңдеу зауытында мәселе туындады
Павлодар зауытындағы жанармай сапасына қатысты түйткілді АМӨЗ арқылы шешу ұсынылғаны сол еді, Атыраудағы зауыттың өзінде өрт шықты .
Ауыл шаруашылығы қызметіндегі ұшқышсыз аппараттар
Қазақстанда жаңа өндірістің ашылуы туралы кез келген жаңалық алтынмен тең. Алайда мәселенің мән-жайына үңілсек, Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы ұшқышсыз аппараттары бойынша жоба – бұл шынайы өндіріс пе, әлде әзірге тек сырттан әкелінген жиынтықтауыш бөлшектерді құрастыру ғана ма?
Қазақстан Мәжілісі топырақты қорғау туралы заңды қабылдады
Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста «Топырақты қорғау туралы» заңды екінші оқылымда қарап, қабылдады.
Мемлекеттік тапсырыс аясындағы жасанды жаңбыр: жобаның экономикалық тиімділігі қандай?
Түркістан облысында жауын-шашын көлемін жасанды түрде арттыруға бағытталған ауқымды мемлекеттік жобаның алғашқы тәжірибелік сынақтары күтпеген нәтижеге алып келді. Ресми органдар БАӘ мамандарымен бірлесіп ауа райын түрлендірудің озық технологиялары енгізіліп жатқанын хабарлап жатқан кезде, жергілікті бақша өнімдерін өсірушілер шығын көлемін есептеуде. Жетісай ауданының алқаптарында диқандар жинауға дайындап қойған қауын өнімі шіріп жатыр. Күн көрісі ауыл шаруашылығына тікелей байланысты аймақ үшін бұл технологиялық жетістік әлеуметтік және қаржылық дағдарысқа ұласты. Алайда тараптардың бұған қатысты пікірі екіге жарылып отыр. Диқандардың пікірінше, қолдан ұйымдастырылған ұзаққа созылған нөсер жауын егіс алқаптарын көлге айналдырған.
Қазақстанда егіс науқаны басталды: 4,5 млн гектар жерге дән себілді
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Қазақстанның барлық өңірінде егіс науқаны басталғанын мәлімдеді.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқыны артады
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейін 6,5%-дан 8%-ға дейін көтеруді көздеп отыр.
Электросамокатпен жүру тәртібі өзгерді
«Бүгіннен, яғни 25 тамыздан бастап Қазақстанда электрлі самокатпен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынды.Мұндай шешімнің қабылдануына не себеп? Бұл мәселені қоғам өкілдері көптен бері көтеріп келеді. Әсіресе балалар, қарттар мен бала арбасымен жүрген ата-аналар үшін тротуардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі жиі айтылып жүр.
Құрылыс – экономикалық өсімнің негізгі тірегі
«Үкіметтің жоспарын қарап шықтым. Экономикалық өсімнің негізгі тетігі ретінде құрылыс саласы таңдалған. 2027–2029 жылдары бұл сала жыл сайын 16–17%-дан астам өседі деп жоспарланып отыр.
Бір күнде екі мұнай өңдеу зауытында мәселе туындады
Павлодар зауытындағы жанармай сапасына қатысты түйткілді АМӨЗ арқылы шешу ұсынылғаны сол еді, Атыраудағы зауыттың өзінде өрт шықты .
АҚШ доллары негізгі валюталарға қатысты тұрақты саудаланып жатыр
Сейсенбі күнгі саудада АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ. Ал иенаға қатысты америкалық валюта аздап қымбаттады.




