Евразия24Не болдыБір күнде екі мұнай өңдеу зауытында мәселе туындады

Бір күнде екі мұнай өңдеу зауытында мәселе туындады

|

|

Павлодар зауытындағы жанармай сапасына қатысты түйткілді АМӨЗ арқылы шешу ұсынылғаны сол еді, Атыраудағы зауыттың өзінде өрт шықты .

«Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖМ, «Семсер өрт сөндіруші», АТМА әуежайы және NCOC компаниясының апаттық-құтқару қызметінен 65-ке жуық адам мен 19 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп, барлық күш пен техниканың іс-қимылы үйлестірілді. Сағат 13:42-де өрт оқшауланып, оның әрі қарай таралуына жол берілмеді. Қазір өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады Zakon.kz .

Айта кетейік, АМӨЗ-де бұған дейін де жоспардан тыс тоқтау мен өндірістегі түрлі ақау бірнеше рет тіркелген. Осы себепті зауыттың тұрақты жұмыс істеуі мұнай өңдеу саласындағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі жағдайда оның жұмысының уақытша тоқтауының өзі ішкі нарықты жанармаймен қамтамасыз етуге қосымша салмақ түсіруі мүмкін.

Оның үстіне елдің батысынан шығыс және солтүстік өңірлерге жанар-жағармай жеткізу оңай емес. Мұнда «Қазақстан темір жолының» тасымал мүмкіндігі, қажетті цистерналардың болуы және жүкті уақытында жеткізу мәселесі маңызды. Егер өрт салдарынан Атырау зауыты өнім жөнелтуді азайтса, Павлодар өңірін жанармаймен қамтамасыз ету одан әрі қиындауы ықтимал.

Әзірге нақты қорытынды жасауға ерте. Құзырлы органдар ықтимал тәуекелдердің алдын алу жолдарын қарастырып жатқаны сөзсіз. Бірақ жанармай нарығындағы соңғы оқиғалардың осылайша бірінен соң бірі орын алуы көңілге күдік ұялатады.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ доллары негізгі валюталарға қатысты тұрақты саудаланып жатыр

Сейсенбі күнгі саудада АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ. Ал иенаға қатысты америкалық валюта аздап қымбаттады.

Еуропада жазғы ыстықтан 35 мыңнан астам адам қайтыс болды

Биыл жазда Еуропаны жайлаған қалыптан тыс ыстық салдарынан әдеттегі көрсеткіштен кемінде 35 мыңға артық өлім тіркелді. Бұл туралы сейсенбі күні The Guardian хабарлады.

Азияның қор нарықтарындағы индекстердің басым бөлігі өсті

Сейсенбі күнгі сауда қорытындысында Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ірі елдердің қор индекстері негізінен өсім көрсетті.

Трамп Канададағы француз тіліне қарсы ешқандай талабы жоқ екенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Оттаваның мәлімдемелерін жоққа шығарып, Канадада француз тілінің қолданылуына қарсы емес екенін айтты. Француз тілі ағылшын тілімен қатар Канададағы ресми тілдердің бірі саналады.