Евразия24Таңдаулы жаңалықтар

Таңдаулы жаңалықтар

Қазақстан энергетикасындағы сын-қатерлер

ЕАБР мәлімдемесі Қазақстанның энергия жүйесіндегі құрылымдық тәуелділікті айқын көрсетті. Тарихи тұрғыдан алғанда, бұл жағдай қалыпты құбылыс, себебі Қазақстан мен Ресейдің энергия жүйелері бастапқыда біртұтас тізбек ретінде қалыптасқан.

Шенеуніктерге арналған «шығармашылық жұма»

Депутат Бақытжан Базарбектің ұсынысы шын мәнінде де «кемеңгерлік» басқарушылық шешім емес пе? Шенеунік кітап оқымаса — жұмыс істемесін. Бюджет есебінен мемлекеттік аппарат «әдебиет үйірмесіне» айналса, бәлкім кітапханада отырғандардың зияны да аздау болар.

Грант иегерлерінің жартысынан астамы ғана жұмыспен өтеу міндетін орындауда

Қазақстанның салық төлеушілері сөреде шаң басып жататын диплом үшін біреулердің университетте 4-5 жыл (кейде одан да көп) тегін оқуын қаржыландырып отыр. Демек, кадр тапшылығын жоюға бағытталған гранттық қолдаудың түпкі мәні тек есеп үшін диплом дайындауға айналып кеткен бе?

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне бөлінетін қаржы «артты»

Жылдық 415 мың теңгені айға шаққанда шамамен 34–35 мың теңге шығады. Қазақстанда болашақ олимпиада чемпиондарын дәл осындай «қомақты» қаражатпен тәрбиелеу жоспарланып отырған сияқты.

Қазақстандықтар азық-түлік шығындарын қысқарта бастады

2025 жылы қазақстандықтардың ірі сатып алулар мен ойын-сауықты былай қойғанда, тамақ пен киім-кешек сияқты базалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі төмендегенін көрсететін сауалнама нәтижелері өте өзекті болып отыр.