Алыс-беріс

|

|

Қазақстан Үкіметі хабарлайды: «Үкімет жалпы ішкі өнімнің өсімін кемінде 5% деңгейінде қамтамасыз етуді және экономиканың нақты секторын қолдауға шамамен 8 трлн теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын іске асыру тетіктері туралы Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады. Оның айтуынша, азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында макроэкономикалық тұрақтандыру бағдарламасы жалғасын табады. Негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемін жалпы ішкі өнімнің 18%-ына дейін жеткізу көзделген. Қабылданатын шаралар кешені халықтың нақты табысының өсімін 2–3%-дан жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Экономикалық өсімді жеделдетугебағытталған саясат аясында жалпы қосылған құнды, экспорттық түсімдерді және еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін жаңа өндірістік қуаттарды ұйымдастыруға арналған мемлекеттік тетік құрылатын болады. Негізгі басымдық экспортқа бағдарланған және импортты алмастыруға бағытталған терең өңдеу кластерлерін дамытуға беріледі», — деп мәлімдеді Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин.

 

Евразия24 пікірі:

Үкімет ұсынған жоспарлар бұған дейін іске асырылған мемлекеттік бағдарламаларды ескерсек, Қазақстанның ұзақ уақыт бойы біртіндеп бет алып келе жатқан индустриялық дамуды ынталандыруға негізделген дәстүрлі модельге сәйкес келеді. Осы тұрғыдан қарағанда, Үкіметтің әрекеттерін бейберекет деп айтуға болмайды — олар Президент белгілеген стратегиялық бағыттар аясында жүзеге асып отыр. Сонымен қатар, 8 трлн теңге көлеміндегі ауқымды мемлекеттік қолдаудың жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін фискалдық саясаттың қатаңдатылуымен қатар жүруі, біздің пікірімізше, экономикалық тетіктер арасындағы белгілі бір сәйкессіздікті көрсетеді. Мемлекет бір жағынан қолдау көрсетуге уәде беріп, екінші жағынан бизнеске түсетін салықтық жүктемені арттырып отырғандай көрінеді. Бұған қоса, уәде етілген 8 трлн теңге жалпыға бірдей қолжетімді ресурс емес, ол нақты мемлекет іріктеген жобаларға ғана арнайы механизмдер арқылы бағытталатыны анық. Ал салықтық қатаңдату шаралары жеке сектордың барлық субъектілеріне бірдей қолданылады. Осылайша, жалпы экономикалық нәтиже тұрғысынан алғанда, мемлекеттік қолдаудың әсері салық жүктемесінің өсуімен бейтарапталып кету қаупі бар. Яғни, кең ауқымды фискалдық қысым таңдап алынған жобаларға көрсетілетін қолдаудың жалпы экономикаға берер тиімділігін жоққа шығаруы мүмкін.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Электр энергетикасы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық интеграцияны тереңдетудің негізгі тетіктері

Ресей Президенті Владимир Путин Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Әңгімелесу барысында Президенттер екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің мамыр айының соңына жоспарланған Қазақстанға мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. Владимир Путин Астанада өтетін алдағы келіссөздерге қатысты осындай пайыммен келісетінін білдіріп, барлық стратегиялық маңызы бар салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

Спорт – экономикалық дамудың маңызды факторы. 2-бөлім

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, спортты тиімді дамыту коммерциялық индустрия (кәсіби лигалар, медиақұқықтар, демеушілік) мен қоғамдық бастамалардың (бұқаралық спорт, мемлекеттік бағдарламалар, қызығушылықтар бойынша клубтар) өзара үйлесіміне негізделеді. Бұл элиталық спорттың қаржылық тұрақтылығын да, спорттың қолжетімділігі арқылы ұлт саулығын да қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуметтік бірігу мен инвестициялық тартымдылықты қалыптастырады. В. Ледневтің пайымдауынша, қазіргі заманғы әлемдік спорт пирамидасы көптеген спорттық «архитекторлар мен конструкторлардың» күшімен құрылған.

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...