Евразия24Таңдаулы жаңалықтарХалықаралық агенттіктер Қазақстан экономикасының келешегіне қандай баға береді

Халықаралық агенттіктер Қазақстан экономикасының келешегіне қандай баға береді

|

|

Ұлттық экономика министрлігі хабарлайды:
«Қазақстан құрылымдық реформалар нәтижелері мен экономикалық даму келешегін халықаралық рейтингтік агенттіктерге таныстырды. Күзгі Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сессиялары аясында Қазақстан делегациясы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің басшылығымен Fitch, Moody’s және S&P сынды жетекші үш рейтингтік агенттіктің өкілдерімен кездесу өтті. Аталған шара барысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, орта мерзімді болжамдар, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған құрылымдық реформалар басымдықтары ұсынылды. Әсіресе экономиканы құрылымдық трансформациялау үдерісіне ерекше назар аударылды. Серік Жұманғарин атап өткендей, қазіргі таңда Қазақстан экономикасы 15 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда әртараптандырылған. Атап айтқанда, мұнай секторының ЖІӨ-дегі үлесі 2010 жылғы 16,5%-дан 2024 жылы 8,1%-ға дейін қысқарған. Тарихта алғаш рет өңдеу өнеркәсібінің үлесі тау-кен өндірісі секторынан асып түсті. Сонымен қатар, өңдеу саласына тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі соңғы 20 жылда бірнеше есе артты. Бұдан бөлек, шағын және орта бизнес (ШОБ) жалпы ішкі өнімнің шамамен 40%-ын қалыптастырып отыр (бұл көрсеткіш он жыл бұрын 25% болатын). Осы өзгерістер Қазақстанның ресурстық модельден тұрақты әрі теңгерімді экономикалық жүйеге бет алғанын айқын көрсетеді».

 

Евразия24 пікірі:

Рейтингтік агенттіктермен өткен соңғы кездесулерге қатысты әзірге ресми есеп жариялаған жоқ. Сондықтан олардың Қазақстан туралы алдыңғы деректерін еске түсірейік. Fitch агенттігі 2025 жылы 15 шілдеде Қазақстанның егемендік рейтингін «BBB» деңгейінде, болжамын «тұрақты» деп сақтап қалды. Агенттік бірнеше негізгі тәуекелдерді атап өтті: бюджет пен валюта түсімдерінің мұнай-газ секторына тәуелділігі, мұнайдың әлемдік бағасына байланысты осалдық, әлеуметтік шығыстар мен субсидиялардың ұлғаюынан бюджетке түсетін қысым, реформаларды іске асыру кезіндегі тәуекелдер (саяси ерік-жігерге тәуелділік). Moody’s агенттігі Қазақстанға соңғы рет 2024 жылы 9 қыркүйекте Baa1 рейтингін (орташа инвестициялық деңгей) беріп, болжамын «тұрақты» деп бағалаған болатын. Бұл деңгей 2025 жылы да сақталды. Бұл агенттік негізгі проблемалар ретінде экономиканың жеткіліксіз әртараптандырылуын, мемлекеттік сектор мен квазимемлекеттік кәсіпорындардың рөлінен туындайтын тәуекелдерді, институтционалдық әлсіздіктерді, соның ішінде саяси шешімдердің экономикаға ықпалын, сондай-ақ сыртқы конъюнктура нашарлаған жағдайда ұлттық валютаға қысым түсу мүмкіндігін атап көрсеткен. Қазақстан дәл осы қысымды 2025 жылы сезінді. Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылы тамызда S&P Global Ratings агенттігінің болжамын жариялады. Агенттік республика рейтингін BBB-/A-3 деңгейінде растады; болжам – «позитивті». Дегенмен, мемлекеттік шығыстардың өсуі мен фискалдық теңгерімнің әлсіреу ықтималдығы, геосаяси және өңірлік қатерлер (логистика, сыртқы сауда), банктік жүйедегі орта мерзімді тәуекелдер – активтердің жоғары долларлануы, мұнай бағасының қолайсыз жағдайында реформалардың бәсеңдеуі атап көрсетілді.

Сондықтан енді Жұманғарин мен оның командасы осы халықаралық рейтингтік үштіктің өкілдерін нақты неге сендіре алды – оны кейінірек белгілі болатын есептерде

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Электр энергетикасы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық интеграцияны тереңдетудің негізгі тетіктері

Ресей Президенті Владимир Путин Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Әңгімелесу барысында Президенттер екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің мамыр айының соңына жоспарланған Қазақстанға мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. Владимир Путин Астанада өтетін алдағы келіссөздерге қатысты осындай пайыммен келісетінін білдіріп, барлық стратегиялық маңызы бар салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

Спорт – экономикалық дамудың маңызды факторы. 2-бөлім

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, спортты тиімді дамыту коммерциялық индустрия (кәсіби лигалар, медиақұқықтар, демеушілік) мен қоғамдық бастамалардың (бұқаралық спорт, мемлекеттік бағдарламалар, қызығушылықтар бойынша клубтар) өзара үйлесіміне негізделеді. Бұл элиталық спорттың қаржылық тұрақтылығын да, спорттың қолжетімділігі арқылы ұлт саулығын да қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуметтік бірігу мен инвестициялық тартымдылықты қалыптастырады. В. Ледневтің пайымдауынша, қазіргі заманғы әлемдік спорт пирамидасы көптеген спорттық «архитекторлар мен конструкторлардың» күшімен құрылған.

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...