Евразия24Таңдаулы жаңалықтарИпотекада жаңа рекорд: «Отбасы банк» нарықтың 69%-ын иеленді

Ипотекада жаңа рекорд: «Отбасы банк» нарықтың 69%-ын иеленді

|

|

Atameken Business хабарлайды: Қазақстанда ипотекалық нарық тек жеңілдікпен берілетін бағдарламалар есебінен өсіп отыр Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) Аналитикалық орталығы 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған ипотекалық нарыққа шолуын жариялады. Ипотекалық нарық биылғы жылдың бірінші тоқсанында тіркелген 5,7% төмендеуді толығымен қалпына келтіріп, жартыжылдық қорытындысында екі таңбалы өсімге қол жеткізген. 2025 жылы қаңтар–маусым айларында жаңа ипотекалық қарыздар көлемі 1,0 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,9%-ға артты (803,5 млрд теңге). Бұл өсім толығымен «Отбасы банкінің» есебінен қамтамасыз етілді: бір жыл ішінде оның ипотекалық қарыздары 48%-ға өсіп, 466,4 млрд теңгеден 690,2 млрд теңгеге жетті. Негізгі өсім факторлары: жеңілдетілген қаржыландыру мен мемлекеттік бағдарламалардың кеңеюі, салымшылар базасының ұлғаюы, сондай-ақ базалық мөлшерлеменің жоғары болуына байланысты нарықтағы балама несие өнімдеріне сұраныстың артуы болды.

Евразия24 пікірі: 

Коммерциялық банктердің ипотекалық несие беру нарығындағы үлесі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 42% болса, қазіргі таңда 31%-ға дейін төмендеді. Мұның басты себебі – жеңілдетілген бағдарламалар арқылы «Отбасы банк» ипотекалық нарықтағы жетекші позициясын нығайтып, үлесін 69%-ға дейін жеткізді. Нарықтағы жаңа ипотекалық несиелердің орташа мөлшерлемесі 9,4%-ға дейін төмендегеніне қарамастан, бұл көрсеткіш әлі де базалық 16,5% және тұтынушылық несиелердің орташа пайыздық мөлшерлемесінен 19,5% әлдеқайда төмен. Сарапшылардың пікірінше, бүгінде Қазақстандағы ипотекалық несиелер іс жүзінде нақты теріс мөлшерлемемен берілуде. Бұл тұрғын үй несиесіне деген сұраныстың артуына ықпал етіп отыр. Бұл жағдай – ипотекаға өтініш беріп, банк талаптарын орындай алатын азаматтар үшін тиімді. Ал қалған халық үшін, яғни тұтынушылық несие мен бөліп төлеу қызметін пайдаланушыларға бұл жаңалық аса жағымды емес. Ипотекадан шеккен шығынның орнын банктер толтырмайды деп ойлау — тым аңғалдық. Оның орнын тек автонесиелеу арқылы толтырады деу де қисынсыз, себебі бұл сегментте де пайыздық мөлшерлемелер төмендеп, сұраныс артты. Негізгі салмақ, ең алдымен, тұтынушылық несиелерге түсіп отыр.

Қазақстан Ұлттық банкінің тамыз айының соңында жариялаған есебіне сәйкес, 2025 жылғы маусымда ең төменгі пайыздық мөлшерлеме (18,1%) бес жылдан астам мерзімге берілетін несиелерге тиесілі болған. Ал ең жоғары мөлшерлеме (35,1%) бір айға дейінгі қысқа мерзімді несиелер бойынша тіркелген. Шілде айында жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге теңгемен берілетін несиелер бойынша орташа мөлшерлеме 1,6 пайыздық тармаққа өсіп, 21,9%-ды құрады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Мал шаруашылығын несиелеу: пайда ма, шығын ба?

Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қатысты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты – мал шаруашылығын түрлі мақсаттарға арналған жеңілдетілген несиелеу арқылы қолдау болатыны аталған жаңалықтан айқын аңғарылады. Бұл ретте, жылдық 5–6% мөлшерлемемен берілетін несиелер бойынша базалық мөлшерлеме (қазіргі таңда 18%) мен жеңілдетілген мөлшерлеме арасындағы айырмашылықты мемлекет бюджет есебінен өтейтінін түсінеміз.

Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты: мүмкіндіктер мен тәуекелдер

Қазақстан бірнеше онжылдық бойы халықаралық деңгейде өз ұстанымын қалыптастыруға ұмтылғанымен, ішкі тұрақтылық пен дербес жүйелерді орнықтыра алған жоқ. Соның нәтижесінде Астана сыртқы державалар мен ықпалды күштердің тартылыс аймағында қалып отыр. Мұндай жағдайда кей кездері жағымды факторлар әсер етуі мүмкін. Алайда геосаяси тұрақсыздық күшейген тұста шығындардың арту қаупі өзекті мәселеге айналады.

Жапония Қытайдың әскери ұшағының әрекетіне байланысты алаңдаушылық білдірді

Жапония үкіметі Қытай тарапына наразылық білдірді. Бұған Қытайдың әскери ұшағы Жапонияның Окинава аралы маңында жапондық F-15 жойғыштарына радарын бағыттағаны себеп болды, деп хабарлайды жексенбі күні Associated Press (AP) агенттігі.

Индонезияның шығысында 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Индонезияның шығыс бөлігіндегі Банда теңізі аумағында жексенбі күні 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Ресей ғылым академиясы Біріккен геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалы.