Евразия24Таңдаулы жаңалықтарМүмкіндігі шектеулі тәрбиешілер

Мүмкіндігі шектеулі тәрбиешілер

|

|

Ағарту министрлігі хабарлайды: «Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды өзгерістер қабылданды. Бұл өзгерістер «Мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң аясында іске асырылуда. Енді бала асырап алу немесе заңды өкілдің қамқорлығына беру кезінде баланың жақын туыстарына басымдық беріледі. Егер туыстары арасында баланы тәрбиелеуге лайықты тұлғалар болмаса, бала заңды некеде тұрған отбасына орналастырылады. Сонымен қатар, егер баланың заңды өкілі оны тәрбиелеу кезеңінде істі болса немесе психоневрологиялық не наркологиялық диспансерде есепке қойылса, ол тұлға баланы тәрбиелеу құқығынан дереу шеттетіледі. Бұл норма баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, қылмыстық қудалауға тартылып жатқан тұлғаларға бала асырап алуға, қамқорлыққа немесе уақытша тәрбиеге алуына, сондай-ақ бала тәрбиесіне қатысуына тыйым салынды. Сондай-ақ, қорғаншылар, қамқоршылар, уақытша тәрбиешілер мен қабылдаушы ата-аналар үшін жыл сайын өздерінің сенімділігін растау міндеті енгізілді. Олар жыл сайын денсаулық жағдайы, табысы, тұрғын үй жағдайы және соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.

 

Евразия24 пікірі:

Күтпеген жерден «бақыт» келді. Алайда қабылданған жаңа нормаларға қатысты бір жайт бізді біраз алаңдатты. Атап айтқанда, қылмыстық қудалауға тартылып жатқан тұлғалардың бала тәрбиесіне қатысуына тыйым салу туралы тұжырым – бүкіл ата-аналарға қатысты ортақ шектеу секілді әсер қалдырады. Ал қылмыстық қудалаудың болуы – бұл әлі үкім емес. Сот шешімі ақтап шығуы да мүмкін, бірақ оған дейін адамның ата-ана ретіндегі құқығы шектеліп, алдын ала «жаза» қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, қылмыстық құқықбұзушылықтардың түрі әртүрлі: кейбірі абайсызда жасалады және ондай әрекеттер балаларға нақты физикалық немесе психологиялық қауіп төндірмейді. Мемлекетті мұндай шектеулерге баруға итермелеген – психикалық ауытқуы бар, бұрын сотталған және бала асырап алу барысында зорлық-зомбылық жасаған қорғаншыларға қатысты бірқатар резонансты оқиғалар екені түсінікті. Алайда жеке тұлғаға қарсы жасалған қасақана ауыр қылмыстар мен абайсызда болған, бірақ ауыр салдарға алып келген жол-көлік оқиғасы үшін алынған соттылықты тең дәрежеде қарастыруға болмайды. Біздің ойымызша, қорғаншылардың құқықтарын шектеу туралы шешімдер жаңа ережелер негізінде қабылданған жағдайда, асырап алушының барлық жеке сипаттамасы және ең бастысы – баланың мүддесі ескерілуі тиіс. Тек осындай маңызды іріктеу процесін және ата-ана болу құқығына қатысты шешімдерді мемлекет жасанды интеллектке сеніп тапсырмаса болғаны.

 

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Мал шаруашылығын несиелеу: пайда ма, шығын ба?

Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қатысты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты – мал шаруашылығын түрлі мақсаттарға арналған жеңілдетілген несиелеу арқылы қолдау болатыны аталған жаңалықтан айқын аңғарылады.

Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты: мүмкіндіктер мен тәуекелдер

Қазақстан бірнеше онжылдық бойы халықаралық деңгейде өз ұстанымын қалыптастыруға ұмтылғанымен, ішкі тұрақтылық пен дербес жүйелерді орнықтыра алған жоқ. Соның нәтижесінде Астана сыртқы державалар мен ықпалды күштердің тартылыс аймағында қалып отыр. Мұндай жағдайда кей кездері жағымды факторлар әсер етуі мүмкін. Алайда геосаяси тұрақсыздық күшейген тұста шығындардың арту қаупі өзекті мәселеге айналады.

Жапония Қытайдың әскери ұшағының әрекетіне байланысты алаңдаушылық білдірді

Жапония үкіметі Қытай тарапына наразылық білдірді. Бұған Қытайдың әскери ұшағы Жапонияның Окинава аралы маңында жапондық F-15 жойғыштарына радарын бағыттағаны себеп болды, деп хабарлайды жексенбі күні Associated Press (AP) агенттігі.

Индонезияның шығысында 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Индонезияның шығыс бөлігіндегі Банда теңізі аумағында жексенбі күні 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Ресей ғылым академиясы Біріккен геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалы.